ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ СИЫРЛАРДЫҢ ФЕРТИЛЬДІЛІГІНЕ ЖЫЛУ КЕРНЕУІНІҢ ƏСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_2_20Кілт сөздер:
сиырлар, күйзеліс, өсімін молайту, сиырларды ұрықтандыру, бұзауларАңдатпа
Қоршаған орта температурасының сиырлардыңжыныс мүшелерінің ұрықтану қабілетігіне
(фертильділігіне) əсерін зерттеуді Қостанай облысы, Садчиковское ауылы "Олжа Агро" ЖШС-де жəне Қостанай облысы, Перелески ауылы "Сарыағаш" ЖШС-де 2018-2020 жылдар кезеңінде жүргізілді. Зерттеулер "2018-2020 сүт сиырларының генетикалық əлеуетін арттыру" бағдарламалық мақсатты қаржыландыру аясында жүргізілді. Зерттеу материалы 4-7 жас аралығындағы Гольштейн сиырлары, жəне сүт өнімділігі 5000-9000 кг болды.Тəжірибеде барлығы "Садчиковское" ЖШС-де 313 сиырдан жəне "Сарыағаш"ЖШС-де 486 бастан деректер зерттелді."Олжа Агро" ЖШС мен "Сарыағаш" ЖШС-да температуралық фактор мен сиырлардың жыныстық белсенділігі нəтижелерінің əсерін зерттеу нəтижесінде біз мынаны анықтадық:Қостанай облысының шаруашылықтарында 3 жыл ішіндегі өсімін молайту сапаларының орташа жылдық көрсеткіштері 2018-2020:"Садчиковское" ЖШС-де: 1882 сиырды жемісті ұрықтандыру, 419 бұзау, ұрықтандыру жиілігі-3. "Сарыағаш" ЖШС-де: 3504 сиыр ұрықтандырылды, 1004 бұзау, ұрықтандыру жиілігі-1,6.Ең аз жыныстық белсенділік жəне сиырларды ұрықтандырудың ең аз мөлшері қоршаған орта температурасының күрт ауытқу кезеңінде болды.Төлдегеннен кейін жазғы жəне қысқы кезеңдерде эстрадиол жəне прогестерон гормондарын өндіруде ауытқулар байқалды. Жазғы жəне қысқы кезеңдерде адреналин стресс гормондарының күрт жоғарылауы тіркелді.
Түйінді сөздер: сиырлар, күйзеліс, өсімін молайту, бұзаулар, сиырларды ұрықтандыру.