ҚАЗАҚТЫҢ ҰСАҚ ШОҚЫСЫНЫҢ СОЛТҮСТІГІНДЕГІ КӘДІМГІ ҚАРАҒАЙДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ БАР АҒАШТАРЫНЫҢ КЛОНДЫҚҰРПАҒЫН БАҒАЛАУ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰСАҚ ШОҚЫСЫНЫҢ СОЛТҮСТІГІНДЕГІ КӘДІМГІ ҚАРАҒАЙДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ БАР АҒАШТАРЫНЫҢ КЛОНДЫҚҰРПАҒЫН БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Надежда Чеботько Казахский НИИ лесного хозяйства и агролесомелиорации им. А.Н. Букейхана
  • Яна Крекова
  • Айдар Бейсенбай
  • Айсулу Шарипова

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2022_4_212

Кілт сөздер:

кәдімгі қарағай, клондық мұрағат, артықшылығы бар ағаш, селекциялық құндылық, морфологиялық белгі, индекстік бағалау, жай-күй

Аңдатпа

Зерттеулер Ақмола облысындағы қазақ тауының солтүстігінде орналасқан кәдімгі
қарағайдың артықшылығы бар ағаштарының клондық мұрағатында орындалды. Зерттеудің
мақсаты – клон мұрағатындағы ағаштарды сынау негізінде экономикалық тұрғыдан құнды
клондарды бөліп алып, оларды орман тұқымдары плантацияларын құру үшін ұсыну. Мақалада Pinus
sylvestris L. клондарын селекциялық категориялар бойынша бағалау берілген – тез өсетін, орташа
өсетін және баяу өсетін. Клондардың селекциялық санаттары артықшылығы бар ағаштар
клондарының мұрағатында жүргізілген көп жылдық зерттеулердің нәтижелері бойынша белгіленді.
Ағаштардың өсу қарқынынан басқа, олардың өсу жағдайы бағаланды. Биіктігі бойынша орташа
мәннен ерекшеленетін клондар анықталды, олар үшін Сьюденттің Т-критерийі анықталды,
олардың нақтылығы 0,01 деңгейінде дәлелденді. Дің биіктігі мен диаметрінің жасқа байланысты
өзгерістерін анықтау үшін клондарды индекстік бағалау жүргізілді. Дің биіктігі мен диаметрі
бойынша саралануы клондардың 46,7% биіктігі және диаметрі бойынша сәйкес келгенін немесе
жақын болғанын көрсетті. Орман тұқымдары плантацияларын құру үшін ұсынылатын орташа жылдық мөлшерден жоғары биіктікте және олардың жай-күйі жоғары бағаланған кәдімгі қарағайдың
клондары анықталды.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-01-09

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары