ОҢТҮСТІК БАЛҚАШ МАҢЫ ШӨЛДІ ЖАЙЫЛЫМДАРЫНДАҒЫ ҚҰМДЫ ТҮЗІЛІМДЕРДІҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ФРАКЦИЯЛАРЫНЫҢ МИКРОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ ЖƏНЕ ЭЛЕМЕНТТІК ҚҰРАМЫ

Авторлар

  • Асхат Наушабаев
  • Султан Базарбаев
  • Турсунай Василина
  • Айгуль Жаппарова

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2022_2_47%20

Кілт сөздер:

жайылымдар, құмды топырақтар, құмдар, деградация, гранулометриялық құрам, микроморфология, элементтік құрам

Аңдатпа

Мақалада Оңтүстік Балқаш маңының шөлді құмды топырақтары мен жылжымалы құмдарының механикалық фракциясының құрылымы мен элементтік құрамының микроморфологиясын зерттеу нəтижелері берілген. Шөлдің құмды топырақтары антропогендік қысым əсерінен жалаңаш жылжымалы құм шағылдарына айналады. Ыстық климатта жəне қатты жел əрекетінде олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің жəне ауыл тұрғындарының шаруашылық ғимараттарын басып, олардың əлеуметтік жəне экологиялық жағдайын нашарлатады. Жылжымалы құмдардың құнарлылығын қалпына келтіру үшін топырақ түзілудің сыртқы факторларының əсерін ғана емес, олардың кескінінде болып жатқан процестердің мəнін де терең түсіну қажет. Осыған байланысты, зерттеудің мақсаты жылжымалы құмдардың құрылымының микроморфологиясын, спектрлік сипаттамаларын жəне элементтік құрамын оның бастапқы субстратымен, яғнишөлді құмды топырақтарментығыз байланыста салыстырмалы түрде зерттеу болды. Зерттеулер дефляциялық процестердің нəтижесінде шөлдің құмды топырақтары ұсақ құм фракциясының 5% жоғалтқанын анықталды. Шөлдің құмды топырақтың да, жылжымалы құмның да қаңқалық минералдарында кварц (SiO2) басым, бұл олардың элементтік құрамы туралы мəліметтермен расталды. Алынған нəтижелер жылжымалы құмдардың генезисі мен антропогендік эволюциясын ашуға ғылыми негіз болады, бұл өз кезегінде басқа көрсеткіштермен бірге олардың құнарлығын қалпына келтіру əдістерін жасауға көмектеседі. Түйінді сөздер: жайылымдар, құмды топырақтар, құмдар, деградация, гранулометриялық құрам, микроморфология, элементтік құрам.

Автор өмірбаяны

  • Асхат Наушабаев

    PhD доктор, ассоциированный профессор кафедры «Почвоведение и агрохимия», НАО «Казахский национальный аграрный исследовательский университет», 050010 г. Алматы, проспект Абая 8, тел: 8 708 6818566; e-mail: askhat.naushabayev@kaznaru.edu.kz.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-07-01

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары