«ЦЕОБАЛЫҚ» ПРЕБИОТИГІНІҢ ЖАЙЫН БАЛЫҚТАРЫ ЕТІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
«ЦЕОБАЛЫҚ» ПРЕБИОТИГІНІҢ ЖАЙЫН БАЛЫҚТАРЫ ЕТІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_4_13Кілт сөздер:
пребиотик, жайын балық, азықтық қоспа, химиялық құрам, тағамдық құндылық, қауіпсіздікАңдатпа
Мақалада Алматы облысының Шонжы табиғи ыстық су жағдайында өсірілген жайын балықтарының негізгі рационына «Цеобалық» пребиотигін қолдану кезіндегі балықтардың етінің химиялық құрамы мен тағамдық құндылығын зерттеу нәтижелері берілген. Арнайы бассейндерде балықтардың үш тобы құрылды. «Цеобалық» пребиотигі отандық табиғи минерал - цеолит негізінде әзірленген. Балықтардың 1-тәжірибелік тобының негізгі азығына 5% мөлшерінде пребиотик қосылса, 2-тәжірибелік топқа - 10% пребиотик қосылды. Бақылау тобының негізгі рационына пребиотик қосылмады. Зертханалық зерттеу жұмыстары ҚР стандарттарына және мемлекетаралық стандарттарға сәйкес жүргізілді.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша негізгі рационға пребиотик қосып азықтандырылған балықтардың етіндегі ақуыз бен күлдің мөлшері жоғары болғанын көрсетті. Ал, бақылау тобындағы ақуыздың мөлшері 15,2 г/100г құрады, бұл көрсеткіш екінші топпен салыстырғанда 4,4% және сәйкесінше үшінші топпен салыстырғанда 8,9%-ға төмен болды (p > 0,05). Негізгі азыққа 10% мөлшерде пребиотик қосып азықтандырылған балықтардың үшінші тобындағы күлділіктің орташа мөлшері 1,5 г/100г құрады, ал бұл көрсеткіш бақылау тобымен салыстырғанда 2,6%-ға жоғары болды. Тәжірибелік топтардағы ылғал мен құрғақ заттардың мөлшері айтарлықтай өзгерген жоқ. Алынған нәтижелер сапалы балық өнімдерін өндіруде аталған пребиотикті қолдану тиімді болатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.