КАРТОП ӨСІРУ КЕЗІНДЕ ЭФФЛЮЕНТТІ ОРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
КАРТОП ӨСІРУ КЕЗІНДЕ ЭФФЛЮЕНТТІ ОРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_4_110Кілт сөздер:
тамақ қалдықтары, ірі қара малдың көңі, тыңайтқыш, қоршаған орта, қалдықтарды қайта өңдеуАңдатпа
Топырақ құнарлылығын сақтау және арттыру жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың, өнімділікті арттырудың және топырақ экологиясын жақсартудың негізгі мәселелері болып табылады. Бұл мәселені шешу кешенді тәсілді, егіншілік жүйесінің барлық буындарының өзара әрекеттесуін және ең алдымен органикалық тыңайтқыштарды жүйелі қолдануды талап етеді. Мұндай тыңайтқыш-биогаз қондырғыларында тамақ өсімдік қалдықтарын, сондай-ақ мал шаруашылығы қалдықтарын өңдеу кезінде алынатын термофильді эффлюент.
Биореакторда ашытудың термофильді температуралық режимі жағдайында тағамдық өсімдік қалдықтары мен ірі қара малдың көңінен ашытылған дезинфекцияланған органикалық эффлюент алынды. Бұл мақалада, алынған тыңайтқыштың агрохимиялық құрамы, «Кокчетавский раний» картоп сортының өсу процестеріне әсері зерттелген. Кейінгі далалық тәжірибелер нәтижесінде алынған тыңайтқыштың экологиялық таза және агрономиялық тиімді екендігі дәлелденді.
Эксперименттік биогаз қондырғысында алынған органикалық эффлюент 55ºС температурада ашытудан кейін жұмыртқа, гельминт личинкалары мен патогендік бактериялардың құрамынан айырылады. Ашыту алдында олардың мөлшері: 85,7 және 26,5 бірлік / г, (ашытудың 7-ші күні) және ашыту соңында гельминттер табылмады.
Анаэробты ашыту нәтижесінде тағамдық өсімдік қалдықтарынан және ірі қара малдың көңінен алынған органикалық эффлюент олардағы негізгі биогендік элементтердің құрамын: жалпы азот – 1,38, аммонийлі азот – 0,65, фосфор – 0,92 калий – 4,09% деңгейінде сақтайды. Ферменттелген эффлюенттің агрономиялық әсері туралы далалық зерттеулер оның өсімдіктердің өсу процестеріне оң әсерін көрсетті.