АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА КАРТОП ТҮЙНЕКТЕРІНДЕГІ УЛЫ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ БОЛУЫНА ИНСЕКТИЦИДТЕРДІҢ ӘСЕРІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА КАРТОП ТҮЙНЕКТЕРІНДЕГІ УЛЫ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ БОЛУЫНА ИНСЕКТИЦИДТЕРДІҢ ӘСЕРІ

Авторлар

  • Мирас Сураганов Sh . Ualikhanov Kokshetau University
  • Теміржан Айтбаев Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Сансызбай Мемешов
  • Айжан Сураганова

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2022_4_180

Кілт сөздер:

картоп;, инсектицидтер;, колорадо қоңызы;, Pb;, Cd;, As;, Hg;

Аңдатпа

Мақалада инсектицидтермен өңделген картоп түйнектерін улы элементтердің құрамына зертханалық талдау нәтижелері келтірілген: Pb, Cd, As, Hg. Зерттеу 4 инсектицидтен өтті: ЮКАЗ-7, э. к. (ламбда-цигалотрин, 100 г/л); Брейк М. Э. 0,05 л/га; Фипромакс В. Д. г. (0,02-0,025 кг/га); Регент 0,025 кг/га.

Ғылыми-зерттеу тәжірибелері Ақмола облысы "Көкшетау тәжірибе-өндірістік шаруашылығы" ЖШС-нің танаптарында орналастырылды. Зерттеулер картоп дақылының Шағалалы сортының жүргізілді.

Картоп түйнектеріндегі улы элементтердің құрамы бойынша картоп түйнектерін зертханалық талдаудың салыстырмалы зерттеулері картоп өсімдіктерін ЮКАЗ-7, к.э. (лямбда-цигалотрин, 100 г/л); Брейк м.э. 0,05 л/га; Фипромакс в.д.г. (0,02-0,025 кг/га); Регент 0,025 кг/га инсектицидтерімен өңдеген Pb, Cd, As, Hg концентрациясы рұқсат етілген шегінде болды. Фипромакс в.д.г. (0,02-0,025 кг/га) инсектицидінің экономикалық тиімділігі ерекшеленді-өнімділігі 25,8 т/га құрады.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-01-09

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары