ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ТОҒАЙЛЫ ОРМАНДАРЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫН ЗЕРТТЕУ

ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ТОҒАЙЛЫ ОРМАНДАРЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Женис Дукенов АФ ТОО «КАЗАХСКИЙ НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИЙ ИНСТИТУТ ЛЕСНОГО ХОЗЯЙСТВА И АГРОЛЕСОМЕЛИОРАЦИИ ИМЕНИ А.Н. БУКЕЙХАНА»
  • Руслан Ахметов «Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Алматы филиалы
  • Данияр Досманбетов «Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорациясы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Алматы филиалы
  • Алимжан Рахимжанов

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2022_4_134

Кілт сөздер:

Тоғайлы ормандар, вегетациялық кезең, орманшылық, топырақ, ылғалдылық, алқаағаштар, терраса, транспирация

Аңдатпа

Мақалада Іле өзені тоғайлы ормандарының вегетациялық кезеңіндегі топырақ ылғалдылығының өзгеру динамикасын зерттеу нәтижелері берілген. Аталған ғылыми-зерттеу жұмыстары Іле өзені жайылмасының бойында орналасқан "Бақанас орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағында жүзеге асырылды. Топырақ қабаттарының ылғалмен қамтамасыз етілу динамикасын анықтау барысында Іле өзені оң жағалауындағы тоғай ормандарының арна маңы террассасынан және орталық террассадан учаскелер таңдалды. Зерттеу тоғайлы орман аймағындағы топырақ ылғалдылығының жыл мезгілдері бойынша өзгеру дәрежесін  анықтауға арналған. Аталған аумақта зерттеулер 2021-жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында орындалды. Топырақ қабаттарындағы ылғалдылық динамикасын зерттеу үшін жыл мезгіліне байланысты үш рет егжей-тегжейлі топырақ үлгілері алынған. Іле өзенінің жайылмасындағы тоғай орманы топырағының ылғалдылық деңгейін анықтау үшін топырақтың әр генетикалық горизонттарынан сынамалық топырақ үлгілері алынған. Үлгілер жер бетінен тереңдігі 0-ден 100 см-ге дейінгі аралықтың әр 10 см-нен алынды және зертханалық жағдайда топырақ қабаттарындағы ылғалдылық мөлшері термомассалық әдісті қолдану арқылы анықталды. Зертханадан алынған мәліметтерге сүйене отырып, вегетациялық кезең ішіндегі топырақ ылғалдылығының өзгеру динамикасы талданып, нәтижелер кесте мен график түрінде көрсетілген.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-01-09

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары