СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӘДІМГІ ҚАРА ТОПЫРАҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА PINUS SYLVESTRIS L., LONICERA EDULIS L. ЖӘНЕ RUBUS IDAEUS L.ТҮРЛЕРІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӨСУІНЕ ӘРТҮРЛІ БИОПРЕПАРАТТАРДЫҢ ӘСЕРІ
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӘДІМГІ ҚАРА ТОПЫРАҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА PINUS SYLVESTRIS L., LONICERA EDULIS L. ЖӘНЕ RUBUS IDAEUS L.ТҮРЛЕРІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӨСУІНЕ ӘРТҮРЛІ БИОПРЕПАРАТТАРДЫҢ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_4_164Кілт сөздер:
Pinus sylvestris L, Loniceraedulis L, Rubus idaeus L, көшет, биопрепараттарАңдатпа
Мақалада Pinus sylvestris L., Loniceraedulis L. және Rubus idaeus L. түрлерінің физиологиялық өсуіне «Agro-MIX», «Agrarka» және Эпин биопрепараттардың әсері зерттеу мақсатында жүргізілген жұмыстардың мәліметтері келтірілген. Зерттеу жұмысы Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы аумағында орналасқан «Республикалық орман селекциялық тұқым өндірісі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің солтүстік аймақ филиалының ("РОСТӨО" РМҚК САФ) орман тұқымбағында жүргізілді. Келтіріліп отырған мәліметтер 2021-2022 жылдары жүргізілген зерттеу жұмыстарынан алынды. 2021 жылы отырғызу және себу орындары мен материалдар дайындалды. 2022 жылы мамыр айының екінші жартысынан бастап отырғызу және себу жұмыстары жүргізілді. Осы жылы вегетациялық маусым бойы физиологиялық, фенологиялық, биохимиялық және топырақтық әдістер бойынша мәліметтер жиналып өңделді. Зертелініп жатқан тұқымдастардың түрлері жалпы көлемі 0,4 га ауданға себілді және отырғызылды. 2022 жылы 0,2 га ауданға Pinus sylvestris L. 20 кг тұқым себілді, 0,1 га ауданга 2000 дана тамырланғанRubus idaeus L. тікпе көшеттерімен 0,1 га ауданға 2000 дана тамырланбаған Loniceraedulis L. қалемше тікпе көшеттері отырғызылды. Сеппелер мен тікпе көшеттердің қылқан және жапырақ үлгілері жиналып, биохимиялық белсенділікті бағалау үшін MINI-PAM II құралының көмегімен хлорофиллдің құрамы зерттелді.