МАҚТАРАЛ СУАРУ МАССИВІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ГАЖ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ КОЛЛЕКТОРЛЫҚ-ДРЕНАЖДЫҚ СУДЫ ҚАЙТА ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІ
МАҚТАРАЛ СУАРУ МАССИВІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ГАЖ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ КОЛЛЕКТОРЛЫҚ-ДРЕНАЖДЫҚ СУДЫ ҚАЙТА ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_4_158Кілт сөздер:
коллекторлық-дренаждық сулар, суару, суармалы жерлер, топырақтың тұздануы, қашықтықтан зондтау, ГАЖАңдатпа
Мақалада спутниктік мәліметтерді пайдалана отырып, далалық және қашықтықтан бақылау жұмыстарының нәтижелері берілген. LandSat-8 спутниктерінің мәліметтерін өңдеу мысалдары көрсетілген. Зерттеудің мақсаты – Мақтарал суармалы массивінің мелиоративтік жағдайын ГАЖ арқылы бағалау, және де коллектор дренаж суларын қайта қолдану мүмкіндігін бағалау болып табылады.
Жиналған спутниктік деректер өңделді, интерпретацияланды және кейіннен геодеректер базасына енгізе енгізілді. Спутниктік суреттерді өңдеу үшін лицензияланған ArcGIS бағдарламалық құралы пайдаланылды. Коллекторлық-дренаждық сулардың химиялық құрамы туралы даладық және зертханалық мәліметтер ретінде «КазСШЗИ» ЖШС мамандары жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының есептерінің мәліметтері пайдаланылды.
ГАЖ бағалау нәтижелері, мелиоративтік жағдайы нашар учаскелер Қазыбек би, Мақтаарал, Қалыбеков, Қызылқұм, Жылы су, Қарақай, Ынтымақ ауылдық округтері шегінде орналасқанын көрсетті. Бұл аймақтардағы топырақтың батпақтануы және тұздануы NDSI индексінің жоғары мәндерімен расталады.
Топырақтың тұздану қаупі бойынша дренаждық сулардың жалпы минералдануы 2,5-3,0 г/л-ден аспайды, ал тұздың жиналу қаупі және жекелеген иондардың уыттылығы бойынша рұқсат етілген минералдану 2,0-2,5 г/л аралығында болады. Суару коэффициентіне сәйкес, Мақтарал массивінің дренаждық су көлемінің 20-25% суару кезеңінде өзен суымен араластырмай егістіктерді суару үшін қайта пайдалануға болады.