БЕТКЕЙЛЕР ЭКСПОЗИЦИЯСЫНЫҢ ЭРОЗИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ КӨРІНІСІНЕ ӘСЕРІ

БЕТКЕЙЛЕР ЭКСПОЗИЦИЯСЫНЫҢ ЭРОЗИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ КӨРІНІСІНЕ ӘСЕРІ

Авторлар

  • Марат Кужинов НПЦ ЗХ им. А.И.Бараева
  • Даурен Әуесханов
  • Канат Акшалов
  • Олеся Баймуканова

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2022_4_102

Кілт сөздер:

топырақтың су эрозиясы, беткейлер экспозициясы, еріген суды сіңірудің тиімділігі, топырақты шаю

Аңдатпа

Зерттеу жұмыстары "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО" ЖШС егістік алқаптарының әртүрлі беткейлер экспозицияларында жүргізілді.

Зерттеу мақсаты: беткейлердің экспозициясына байланысты жауын-шашынның сіңу деңгейін, эрозиялық үрдістердің көріну дәрежесін топырақ өңдеу жүйелеріне және әртүрлі алғы дақылдарға байланысты бағалау.

 Жер пайдалану аумағының жер бедеріне, беткейлер мен агрофондардың экспозициясына байланысты су-эрозиялық үрдістердің көрінісін бағалау жүргізілді.

Топырақтың су эрозиясы көлбеу жерлердегі сүрі танаптарда көбірек байқалады. Қысқа кетер алдында топырақтың беткі қабаттарында жоғары ылғал қорының шоғырлануы, әсіресе жыртынды қабаттың астындағы қабаттардың қыста терең қатуына әкеліп соқтырады да, соның нәтижесінде көктемгі еріген қар суларын топырақ өзіне сіңіріп үлгере алмайды..

Сүрі танаптарда да, аңыз сабақты алғы дақылдада көктемгі еріген су ағынының аз болуы су айрық жоталарында және солтүстік беткейлерде орналасқан кезде байқалады. Оңтүстік беткейлерде қар Солтүстік беткейге қарағанда тез ерійді де, топырақ баяу жібиді, ал еріген суды топырақ сіңіріп үлгере алмайды.

Су-эрозия процестерін бақылау үшін ауылшаруашылық дақылдарын агроландшафт элементтері бойынша саралап орналастыру қажет, топырақ бетіндегі өсімдік жамылғысының максималды сақталуын қамтамасыз етіп, көлбеу жерлерде сүрі танаптардың орналасуын болдырмаған жөн.

 

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-01-09

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары