АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ БҰҚАШЫҚТАРДЫ ТІРІ КЕЗІНДЕ ЕТІНІҢ САПАСЫНА УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ СКАНЕРЛЕУ

Авторлар

  • Қажғалиев Нұрлыбай Жігербайұлы «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
  • Бисембаев Әнуарбек Темірбекұлы «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС
  • Сейітмұратов Әнуарбек Есмұхамбетұлы «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
  • Жали Сәуле Темірбекқызы «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_89

Кілт сөздер:

асыл тұқымды бұқалар, ультрадыбыстық сканер, өмір бойы ет сапасы, бұлшықет көз аймағы, абердин-ангус тұқымы

Аңдатпа

Бұл мақалада абердин-ангус және қазақ ақбас тұқымдарының асыл тұқымды бұқашықтарын жеке өнімділігі бойынша бағалау барысында бұлшық еттерінің көз аймағын, тері асты май қалыңдығын ультрадыбыстық сканерлеу нәтижелері баяндалған. Асыл тұқымды бұқалардың тірі кезінде ет сапасын ультрадыбыстық сканерлеу ұшаның сапасын болжауға мүмкіндік береді.Зерттеу көрсеткендей, сканермен өлшенген 12-13-қабырғалар арасындағы аймақта бұқашықтардың тірі кезіндегі бұлшық ет көзінің ауданы қазақтың ақбас тұқымы тобында 41,5-тен . 60,7 см2 -ке дейін ауытқыды, орта есеппен 47,3 см2, Абердин-ангус тұқымды бұқашықтар тобында – 48,4-80,5 см2, орта есеппен – 63,9 см2. Екінгі топтағы бұқашықтардағы тері асты майының қалыңдығы шамамен бірдей деңгейде және қазақтың ақбас тұқымында 3,3 мм, абердин ангусында 3,1 мм құрады.Тері астындағы майдың қалыңдығы 4 мм-ге дейін болғанда азық рационы құрамында ақуыз жеткіліксіз, қалыңдығы 5-тен 14 мм-ге дейін болса – ақуыз жеткілікті, қалыңдығы 15 мм немесе одан да көп болса – ақуыздың артық мөлшері бар деп айтуға болады.

Автор өмірбаяндары

  • Қажғалиев Нұрлыбай Жігербайұлы, «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

    Аул шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент,  директорының ғылым жөніндегі орынбасары

  • Бисембаев Әнуарбек Темірбекұлы, «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС

    Аул шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, директор

  • Сейітмұратов Әнуарбек Есмұхамбетұлы, «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

    Аул шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, кеңесшісі

  • Жали Сәуле Темірбекқызы, «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

    Маманы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-01-05

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары