МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_243Кілт сөздер:
функционалдық сауаттылық, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, тәжірибеге бағытталған тапсырмалар, өмірмен байланысАңдатпа
Бұл мақалада функционалды сауаттылық түсінігі ашылады және оның кейбір түрлері сипатталып, оны дамытудың қажеттілігі негізделеді. Сонымен қатар математика сабағында функционалды сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалардың мысалы келтіріледі. Және де мақалада мысал ретінде көрсетілгендей тапсырмаларды шешу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамитындығы дәлелденген диагностикалық әдістердің нәтижелері берілген. Мақалада қарастырылатын мәселенің өзектілігі қарастырылып отырған ұғымның оқушылардың алған білімдері мен меңгерілген дағдыларын қолданып өмірге бейімделуін дамытуға ықпал ететіндігінде. Бұл еңбек функционалдық сауаттылық пен оның түрлерін теориялық тұрғыдан негіздеумен қатар, алған білімдерін өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыруға итермелейтін сан алуан мысалдарды қамтитындығымен маңызды. Бұл зерттеуде қолданылатын әдістер: бақылау; зерттеу тақырыбы бойынша теориялық дереккөздерді талдау; оқушыларға сауалнама жүргізу; әртүрлі тексеріс жұмыстарын орындау қорытындысы бойынша оқушылардың нәтижелерін салыстыру және т.б. Өткізілген зерттеу нәтижелерін оқушыларды оқыту үдерісінде: Pisa халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындауға, оқушыларды басқа да тәжірибеге бағытталған есептерді қамтитын емтихандарға дайындауға қолдануға болады.