СОЛТҮСТІК ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫБАЛЫҚТАРДЫҢ ГЕЛЬМИНТОЗДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_23Кілт сөздер:
балықтар, паразитоздар, гельминтоздар, зақымдану, Солтүстік және Орталық ҚазақстанАңдатпа
Мақалада Орталық және Солтүстік Қазақстанның маңызы бар балық шаруашылығы су қоймаларында балық паразиттерін жұқтыру дәрежесі бойынша деректер келтірілген. Балық сынамаларын іріктеу Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген су қоймаларында жүргізілді. Барлығы 257 дана балық зерттелді.
Ақмола облысында қара балықтарда Сapillaria spp. және Opistorchis spp., метацеркарлары инвазия экстенсивтігі (ИЭ) 25%, күміс тәрізді мөңкеде - Еimeria spp. ооцисталары, ИЭ 8,3%, Goussia carpelli (кокцидия ооцисталары) – 20%, Ligula intestinalis – 10%; алабұға - Diplostomum spp. метацеркаримен, ИЭ 33,3%, табанда - Оpistorchis spp. метацеркаримен, ИЭ 14,2%, табан балықта - Еimeria spp. ооцисталарымен, ИЭ 10% зақымдалу анықталған.
Қарағанды облысында зақымдалған балықтар көксерке Еimeria spp. ооцистамен ИЭ-25%, Camallanus spp. – 25%, күміс тәрізді тұқы – Еimeria spp. ИЭ 33,3%, Diplostomum spp. - 16,6%, алабұға - Еimeria spp. ооцисталарымен ИЭ 16,6% зақымдалған.
Солтүстік Қазақстан облысында қара балықта O.felineus метацеркаримен, күміс тәрізді мөңкеде - Ligula intestinalis, оның ИЭ 16,6% және тұқы балығында Philometroides lusiana- ИЭ 50% зақымдалғаны тіркелген.