ЖАСЫМЫҚТЫҢ «VICEROY» СОРТЫНЫҢ АЗОТ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫН ЕНГІЗУГЕ ЖАУАП ҚАЙТАРУЫ

Авторлар

  • Жанзаков Бахтияр Жетписпаевич «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми – өндірістік орталығы» ЖШС
  • Черненок Валентина Григорьевна «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕ АҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_103

Кілт сөздер:

азот тыңайтқыштары, жасымық, минералды қоректену, нитратты азот, оңтайлы деңгей, қосымша түзілген өнім, өнімділік

Аңдатпа

Мақалада Солтүстік Қазақстанның құрғақ дала аймағында жасымықтың «Viceroy» сортының азотпен қоректену жағдайларына және азот тыңайтқыштарын енгізуге жауап қайтаруының үш жылдық (2018-2020 жж.) зерттеу нәтижелері көрсетілген.

Далалық және зертханалық зерттеулер нәтижесінде жасымықтың өнімділігі мен топырақтың азотпен қамтамасыз ету факторы арасында жоғары корреляциялық байланыс (R=0,93; R=0,85) және топырақтың 0-40 см қабатындағы азоттың «Viceroy» сорты үшін оңтайлы деңгейі 13-15 мг N-NO3 анықталды. Азоттың бұл деңгейінде ең жоғары өнім 27,6 ц/га қалыптасты. Зерттеулер, жоғары өнімділікті қалыптастыруға, құрылымдық көрсеткіштердің, негізінде, бір өсімдікке бекітілген бұршаққаптар (35,8-ден 50,6 данаға дейін) санының және бір өсімдіктегі тұқым салмағының (1,5-нан 2,1 г-ға дейін) өзгеруі басты себеп болғаның көрсетті. Тәжірибе бойынша, орташа 1000 тұқымның салмағының айырмашылығы 2018 жылы (39,7 г), 2019 жылы (33,2 г), 2020 жылы (32,0 г) анық байқалса да, тыңайтылған нұсқалар бойынша өзгеріс байқалмады. Азот тыңайтқыштарының мөлшерінің артуымен дәндердегі азот (3,45-4,16%) пен ақуыздың (19,3-23,3%) мөлшері артты. Топырақтағы азоттың мөлшерін оңтайлы деңгейге жеткізу, қалыптасқан ауа-райының жағдайында, жасымықтың "Viceroy" сортының максималды ықтимал өнімділігін түзуге мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Жанзаков Бахтияр Жетписпаевич, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми – өндірістік орталығы» ЖШС

    PhD докторант, нақты егіншілік зертханасының жетекші ғылыми қызыметкері

  • Черненок Валентина Григорьевна, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕ АҚ

    Ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, топырақтану және агрохимия кафедрасының профессоры, ҚЖМ ҰҒА академигі

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-01-05

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары