The «ЕРТІС ОРМАНЫ» МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫНЫҢ ШАЛДАЙ ОРМАНШЫЛЫҒЫ ОРМАН ЭКОЖҮЙЕСІНДЕГІ МИКОРИЗАЛАРДЫҢ МОРФОПТИК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_191Кілт сөздер:
микориза, эктомикориза, симбиоз, мицелий, ДНҚ, резерват, морфотипАңдатпа
Мақалада "Ертіс орманы" Мемлекеттік орман табиғи резерватының Шалдай орманшылығы орман экожүйелерінде өскен кәдімгі қарағай және қотыр қайың ағаштарының тамыр жүйелерінде кездескен морфотиптік ерекшеліктері келтірілген. Орманшылықта қылқан, жалпақ жапырақты ағаш түрлері көшеттерінің микоризденуін зерттеу қажет болғандықтан, ағаш отырғызу материалының сапасын арттыру тәсілі ретінде туындап отырғаны анықталды. Зерттеу нәтижелерін талдау орман экожүйесіндегі табиғи микоризация үрдісі, олардың тамыр жүйелерінде морфотиптік ерекшеліктері мен сеппелердің өсуіне оң әсері бар екенін көрсетті. Микоризалық морфотип өсуінің алғашқы жылында қылқанды жапырақтарға қарағанда, жалпақ жапырақты ағаштарға тиімді әсер еткенін аңғарылды. Зерттеу жұмыстарын жасау кезінде әртүрлі орман типологиясы таңдалып, топырақ сынамалары мен сеппелердің тамыр жүйелері таңдалды. Аталған территорияларда қарағай және қайың сеппелерінің топырақ асты тамыр жүйелерінің морфотип ерекшеліктері жалпы 7 биоалуантүрлілікті құрады. Сынақ алаңдары әртүрлі орман типологиясыннан болды. Сеппелердің жалпы саны – 249, қарағай сеппелері – 133 дана, қайың сеппелері – 116 дананы құрады. Микоризалық морфотиптің белгілері Pinus sylvestris L. ағашында дихотомиялық және бұрыс түрі, сирек кездескендері пирамидалық және симподиальды, ал Betula pendula Roth. ең көп таралған морфотиптер қарапайым, ал сирек кездескендері симподиалды.