ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫСЫНДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚТАРДЫҢ РЕПЕЛЛЕНТТЫҚ ТИІМДІЛІГІН САЛЫСТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_2_3Кілт сөздер:
ірі қара мал, векторлық аурулар, зиянкестермен күрес, зоофилді шыбындар, репелленттік əрекет, тасымалдаушылар, қарсылықАңдатпа
Бұл жұмыстың мақсаты – Шығыс Қазақстандағы ірі қара малды зоофильді шыбындардан қорғауда дәрілік заттардың инсекто-репелленттік тиімділігін салыстыру болып табылады.Бүгінгі күні көптеген репелленттерді қолдану- шыбындарда оларға деген төзімділіктің дамуына себепші болғандықтан, қазірде тиімсіз. Зерттеу жаздың күні жазық далада, шыбындардың жаппай ұшу кезеңінде, жасы 1 жыл болған ірі қараның үш тобында жүргізілді. Солардың бірі- зерттеуде бақылаудағы топ болды. Препараттардың репелленттік әсер ету қабілеті- репелленттік әсер ету коэффициентімен (РӘК) есептелді. Жануарлар бүрку тәсілімен залалсыздандырылды. Қолдану жөніндегі нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, екі ең жиі қолданылатын Ципэк 25%, Флайблок препараттары салыстырылды. Препараттарға арналған нұсқаулықта 20 күн ішінде әсер ететіндігі көрсетілген. Зерттеу нәтижесінде, репелленттердің бірі, емдеуден кейін 9 күн ішінде залалсыздандырудан кейін ең жақсы тиімділікті көрсеткені анықталды. Зерттеу нәтижесінде алынған сандық деректерді талдау үшін IBM SPSS STATISTICS 20.0 бағдарламасы қолданылды, талдау маңыздылық деңгейін p<0,001 көрсетті. Қорытындылай келе, жануарларды эктопаразиттерден тиімді қорғау үшін препаратта көрсетілген мерзімдерді емес, тікелей шаруашылықта жәндіктерге әсер ету мерзімін ескеру қажет, себебі эктопаразиттерде инсектицидтерге төзімділік пайда болады.