ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖƏНЕ ШЕТЕЛДІК СЕЛЕКЦИЯ ЖОҢЫШҚА СОРТТАРЫ МЕН СОРТТАРЫНЫҢ ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚҚА ТӨЗІМДІЛІГІ

Авторлар

  • Бекишова Гульден Каирбековна Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
  • Маханова Сауле Кордабаевна Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
  • Ержанова Сакыш Танырбергеновна "Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС
  • Нурмуханбетова Нургуль Нуркеновна Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_81

Кілт сөздер:

мал азығы дақылдары, жоңышқа, жоңышқа сорттары мен сорт үлгілері, құрғақшылық, құрғақшылыққа төзімділік, корреляция

Аңдатпа

Мақалада үш елдің аумағында өсетін жоңышқа сорттары мен сорт үлгілерінің стресске төзімділігінің нәтижелері келтірілген. Зерттеулер "GS19001 – Құрғақшылыққа төзімді жоңышқа алу үшін жабайы туыстас ауылшаруашылық дақылдарын пайдалану және оны Қазақстан, Қытай және Чили аумағында фермерлер арасында тарату" халықаралық жобасының тақырыбымен байланысты. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы кезінде ылғалдың жетіспеушілігі жемшөп дақылдарының өнімділігіне айтарлықтай әсер етті. Сондай-ақ, құрғақшылық елдердегі экономикалық және экологиялық жағдайға айтарлықтай әсер етеді. Осы бағыттағы климаттың өзгеруі бұл мәселені өзектіндірді. Сондықтан зерттеулерде жоңышқа үлгілерінің құрғақшылыққа төзімділігін зерттеуге ерекше назар аударылды.

Зерттеулер Қазақстан Республикасы Зеренді ауданы Ақмола облысының шоқылы-жазық аймағының солтүстік бөлігінде орналасқан "Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы" ЖШС-де (Шағалалы ауылы) жүргізілді. Тәжірибелік учаскенің топырағы қарапайым қара топырақтар, механикалық құрамы бойынша ауыр саздақ әлсіз құмды, фосфордың жылжымалы түрлерінің қоры төмен, калий жоғары деп бағаланады.

Құрғақшылыққа төзімділікті арттыру үшін селекцияда далалық бағалау әдістері қолданылды. Құрғақшылыққа төзімділік қуаңшылықтың максималды кезеңінде анықталады – пайызбен көрсетілген жасыл жапырақтардың саны бойынша визуалды бағалау. Құрғақшылыққа төзімділік бойынша перспективалық үлгілер бөлінді: K271, Force 5, Zhangcao, DT 1. Құрғақшылыққа төзімділігі бойынша бөлінген сорттар мал азығы дақылдарын өсіруде бастапқы материал ретінде пайдаланылатын болады.

Автор өмірбаяндары

  • Бекишова Гульден Каирбековна, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

    Ауылшаруашылығы және биоресурстар кафедрасының агрономия магистрі, аға оқытушы

  • Маханова Сауле Кордабаевна, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

    Химия және биотехнология кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессоры

  • Ержанова Сакыш Танырбергеновна, "Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС

    Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доценті, жемдік дақылдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері

  • Нурмуханбетова Нургуль Нуркеновна, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

    Химия және биотехнология кафедрасының химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-01-05

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары