БАҚЫЛАП ӨСІРУ КЕЗІНДЕ БҰҚАШЫҚТАРДЫҢ ӨЗ ӨНІМДІЛІГІНЕ СЫНАУ ӘДІСІМЕН БҰҚАЛАРДЫ ҰРПАҒЫНЫҢ САПАСЫ БОЙЫНША БАҒАЛА
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_219%20Кілт сөздер:
асыл тұқымды бұқалар, бұқаларды бағалау, етті мал шаруашылығы, жасанды ұрықтандыру, жоғары өнімді табындарды құру, қазақтың ақбас тұқымы, ұрпақтарының сапасыАңдатпа
Мақалада Вискоунт FR-11, Шаман 1161к, Пион 6118к, Вьюн 712к белгілі зауыттық линиялары бойынша бақылау барысында, өсіру кезінде бұқаларды өз өнімділігіне сынау әдісімен (бір мезгілде) ұрпақтардың сапасына 4 аталық сынау нәтижелері көрсетілген, жаңа тұқым сапасын бағалаумен олар дәстүрлі жүйеге сәйкес Growsafe жүйесін пайдаланды. Қазіргі уақытта Growsafe технологиясы Павлодар облысының "Галицкое" ЖШС-де енгізілуде. Зерттеу обектісі ретінде әр қазақ ақбас тұқымды өндіруші бұқадан 57 бас есептелген бұқалар (KZT183665377, Арзамас KZT183248538, Памир KZT183251512, Бос KZT183220355) алынды. Бақылау өсіру кезеңінде әртүрлі генотиптегі тәжірибедегі бұқашықтар тәулігіне 790-нан 1428 г-ға дейін әртүрлі өсу қарқынын көрсетті.
Зерттелетін 57 бұқашықтардан ұрықтарының сынамасын көзбен шолып бақылау жүргізу кезінде көрсеткіштер (эякулят көлемі, қозғалғыштығы, түсі, тығыздығы, иісі) бұқашықтарды мақсаты бойынша пайдалануға рұқсат етілді деп танылды.
Өндіруші бұқаларды бағалау жөніндегі зерттеулердің қорытындысы бойынша жетілдіруші кешенді индексі 103,0 болатын Памир бұқасы KZT183251512, ал бейтарап болып Арзамас бұқасы KZT183248538 кешенді индексі 102.3, сонымен қатар нашарлатушылар ға жататын KZT183665377 – 95,1 бұқасы және Бос KZT183220355 – 99,3 болып табылды.