ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУ ЖҮЙЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МАЙЛЫ ЗЫҒЫРДЫҢ ӨНІМДІЛІГІ
ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУ ЖҮЙЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МАЙЛЫ ЗЫҒЫРДЫҢ ӨНІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_4_142Кілт сөздер:
тікелей себужүйесі, минималды топырақ өңдеу жүйесі, дәстүрлітопырақ өңдеу жүйесі, майылы зығыр, ауыспалы егіс, өнімділікАңдатпа
Мақалада майлы зығыр дақылының өсіп-даму кезеңдеріндегі биометриялық көрсеткіштері мен өнімділігіне әр түрлі топырақ өңдеу технологияларының әсерін зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрсетілген. Ғылыми жұмыста келтірілген зерттеулер А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының көпжылдық стационарлық танаптарының оңтүстік карбонатты қара топырағы жағдайында жүргізілді.
Зерттеу барысында майлы зығыр дақылының өсім-даму кезеңдеріндегі жер үсті мүшелерінің дамуына және оның өнімділігіне әр түрлі топырақ өңдеу (дәстүрлі, нөлдік, минималды) технологияларының ішінде нөлдік және минималды өңдеу жүйесінің оң әсер еткені анықталды, атап айтқанда,толық пісу кезеңінде дәстүрлі өңдеумен салыстырғанда нөлдік және минималды өңдеу жүйесіндегі өсімдік биіктігі астықты ауыспалы егісте 1,6-2,4 см-ге, өнімді ауыспалы егісте 0,7-1,7 см-ге биік болса, бір өсімдіктегі қораптар және бір өсімдік қораптарындағы тұқым саны астықты ауыспалы егісте тиісінше 6,7-7,3 және 59,9-62,3 данаға, өнімді ауыспалы егісте3,6-9,2 және 67,7-89,6 данаға артық болды. Ал 20 өсімдіктегі жалпы тұқым салмағы астықты ауыспалы егісте 8,3-9,3 гр, өнімді ауыспалы егісте 7,6-12,3 граммға артық екені анықталды.
Үш жылдық орташа өнімділік бойынша астықты ауыспалы егіс нұсқасында топырақты минималды және нөлдік өңдеу, дәстүрлі өңдеумен салыстырғанда тиісінше 2,0-3,7 ц/га, ал өнімді ауыспалы егіс нұсқасында 1,9-3,3 ц/га артық өнім берді.
Түйінді сөздер: тікелей себужүйесі,минималды топырақ өңдеу жүйесі, дәстүрлітопырақ өңдеу жүйесі,майылы зығыр, ауыспалы егіс, өнімділік.