PINUS SYLVESTRIS L. БІРЖЫЛДЫҚ СЕППЕ КӨШЕТТЕРІНЕ AGRO-MIX, AGRARKA ЖӘНЕ ЭПИН БИОПРЕПАРАТТАРЫН ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • Өсерхан Бекболат С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті
  • Мусаева Биназир Мухтарханкызы С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті
  • Курмангожинов Альжан Жанибекович С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті
  • Оспанғалиев Асхат Сүттібайұлы С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_164

Кілт сөздер:

Pinus sylvestris L., сеппелер, Agro-MIX, Agrarka, Эпин

Аңдатпа

Бұл мақалада кәдімгі қарағай (Pinus sylvestris L.) біржылдық сеппелерінің өсуіне «Agro-MIX», «Agrarka» және «Эпин» биопрепараттардың әсері зерттеу мақсатында 2022 жылы жүргізілген жас ғалымдарға арналған С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың қаржылық қолдауымен, № 2ВГФ/21 ішкі гранттық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылып жатқан ғылыми зерттеу жұмыстардың мәліметтері келтірілген. Зерттеу жұмысы Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы аумағында орналасқан орман тұқымбағында жүргізілді. Орман тұқымбағында жалпы көлемі 0,4 га аудан зерттеуге алынып оның 0,2 га-на Pinus sylvestris L. тұқымдары алдын ала өңделіп себілді. Осыған дейін басқа басылымдарда осы зерттеу жұмысының кейбір мәліметтері жарияланған, бірақ бұл жұмыста тек бір зерттеу нысанын, яғни Pinus sylvestris L. сеппе көшеттеріне толық талдау жүргізілген мәліметтері келтірілді. Сеппе көшеттердің маусымдық өсуі мен физиологиялық дамуы және биохимиялық белсенділікті бағалау үшін хлорофиллдің құрамы зерттелді. Сынақ үлгілеріне қолданылған биологиялық препараттарды өзара және бақылау нұсқаларымен салыстыра талдау жасалынды. Талдау сеппелердің биоммассасына, өсіміне және өміршеңдігіне жүргізілді. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізу жалпыға ортақ әдістер бойынша топырақ өңдеу, себу және қүтім жұмыстары жүргізілді. Сызықты диагональ әдісі бойынша үлгілер салынып мәліметтер маусым бойы жиналды. Статистикалық мəліметтерді өңдеу SPSS, STATISTICA 13, SNEDECOR бағдарламалық пакетінің көмегімен жүзеге асырылды.

Автор өмірбаяндары

  • Өсерхан Бекболат, С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті

    Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистры, орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы

  • Мусаева Биназир Мухтарханкызы, С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті

    PhD, орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы

  • Курмангожинов Альжан Жанибекович, С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті

    PhD, орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы

  • Оспанғалиев Асхат Сүттібайұлы, С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті

    Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, аорман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-01-05

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары