ҚҰС САҢҒЫРЫҒЫНАН ЖАСАЛҒАН ОРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТЫҢ ӘРТҮРЛІ ДОЗАЛАРЫНЫҢ МАЙЛЫ ЗЫҒЫР МЕН АРПА ТҰҚЫМЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САПАСЫНА ӘСЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_157

Кілт сөздер:

құс саңғырығы, органикалық тыңайтқыш, майлы зығыр, арпа, тұқымның технологиялық сапасы

Аңдатпа

Бұл мақалада құс саңғырығынан жасалған органикалық тыңайтқыштың әртүрлі дозаларының арпа мен майлы зығыр тұқымының технологиялық сапасына әсері зерттелді. Тұқымның технологиялық қасиеттері жалпы қабылданған әдістерге сәйкес анықталды. Барлық алынған нәтижелер бір факторлы дисперсионды статистикалық өңдеуден өткізілді. Органикалық тыңайтқыштың әртүрлі дозаларының әсерінен майлы зығырдың ақуыз мөлшерін бақылауға қатысты 10-12% өсіріп, статистикалық маңызды оң нәтиже көрсетті (F: 51.082; p<0.05). Зығырдың майлылық көрсеткіштері бақылаумен салыстырғанда 0,41-0,605%-ға ұлғайды. Зығыр тұқымының йод саны мен полиқанықпаған линолен және линол қышқылдарының мөлшеріне органикалық тыңайтқыштың әсері байқалмады. Зығыр тұқымының технологиялық сапасына ең жақсы әсер еткен доза ретінде құс саңғырығының 5 т/га таңдап алынды. Арпа тұқымындағы құрғақ заттағы шикі ақуыз мөлшері бақылау нұсқасымен салыстырғанда 0,37%-ға, майдың мөлшері 1%-ға дейін ұлғайды. Күлдің массалық үлесі бақылауға қатысты 8,1-18,8% өсім көрсетті. Арпа тұқымының сапасын жоғарылатуға құс саңғырығының 15 т/га дозасы ең оңтайлы әсер етті. Шикі талшықтың массалық үлесіне,  азотсыз экстрактивті заттар көрсеткіштеріне құс саңғырығынан жасалған органикалық тыңайтқыштың әртүрлі дозаларының әсері бақылау нұсқасының шамасында анықталды.

Автор өмірбаяндары

  • Макенова Меруерт Мейрамовна, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

    «8D08103 – Өсімдіктер қоректенуінің және тыңайтқыш қолданудың ғылыми негізі» мамандығы бойынша докторантура білім алушысы

  • Науанова Айнаш Пахуашовна, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

    Биология ғылымдарының докторы, «Агрохимия және топырақтану» кафедрасының профессоры

     

     

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-01-05

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары