ПАТРОНАТТЫҚ ОТБАСЫЛАРДА ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ ƏЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Авторлар

  • Шалгимбекова Кенжегүл Сапышқызы «А. Байтұрсынов атындағы ҚРУ» КЕАҚ
  • Смаглий Татьяна Ивановна «А. Байтұрсынов атындағы ҚРУ» КЕАҚ
  • Утегенова Бибігүл Мазанқызы «А. Байтұрсынов атындағы ҚРУ» КЕАҚ
  • Демисенова Шынар Сапарқызы «А. Байтұрсынов атындағы ҚРУ» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_2_241

Кілт сөздер:

жетім балалар, патронаттық отбасы, əлеуметтік-педагогикалық қолдау, эксперимент, бейімделу

Аңдатпа

Бұл мақалада патронаттық отбасылардағы жетім балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау мәселесін зерттеудің өзектілігі, зерттеудің теориялық және әдіснамалық стратегиясы ретінде кешенді-аксиологиялық тәсілдің мәні ашылады, "патронаттық отбасы", "әлеуметтік-педагогикалық қолдау" жетекші ұғымдарға сипаттама беріледі. Патронаттық отбасылардағы жетім балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдауды жандандыратын әдістеме теориялық негіздемесі бар тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мақсаты болды. Эксперимент барысында келесі мәселелер шешілді: патронаттық отбасылардағы жетім балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың тиімділігін эксперимент арқылы тексеру; эксперименттің нәтижелерін өңдеу, талдау және түсіндіру; ұсынылған гипотезаның статистикалық дұрыстығы көрсетілген. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс эксперименттің анықтаушы, қалыптастырушы, бақылау кезеңдерінен тұрды, олардың әрқайсысы зерттеу мақсатын растау үшін белгілі бір мәселелерді шешті. Барлығы 2 эксперименттік және бір бақылау тобы құрылды. (ЭГ-1, ЭГ-2, КГ). Диагностика отбасына орналастырылғанға дейін, алғашқы күндері мен алты айдан кейінгі күндерге жүргізілді. ЭГ-1-де әдістеме ішінара сыналды, ЭГ-2-де жетім балаларды патронаттық отбасында әлеуметтік-педагогикалық қолдауды жандандыратын әдістеме толық көлемде енгізілді, КГ – да әлеуметтік-педагогикалық қолдау негізгі талаптар бойынша стандартты түрде жүзеге асырылды. Біз КГ мен ЭГ-да алған нәтижелерді салыстыру әлеуметтік-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру патронаттық отбасылардағы жетім балаларда бейімделудің негізгі көрсеткіштері бойынша бірқатар оң нәтижелер берді деген қорытындыға келдік.

Автор өмірбаяндары

  • Шалгимбекова Кенжегүл Сапышқызы, «А. Байтұрсынов атындағы ҚРУ» КЕАҚ

    педагогика ғылымдарының кандидаты, ғылым және коммерцияландыру басқармасының маманы

  • Смаглий Татьяна Ивановна, «А. Байтұрсынов атындағы ҚРУ» КЕАҚ

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Утегенова Бибігүл Мазанқызы, «А. Байтұрсынов атындағы ҚРУ» КЕАҚ

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Педагогика және психология кафедрасының профессоры

  • Демисенова Шынар Сапарқызы, «А. Байтұрсынов атындағы ҚРУ» КЕАҚ

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-02-14

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар