БИОЛОГИЯЛАНДЫРУ ТӘСІЛДЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МАЙБҰРШАҚ ӨНІМІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӨНІМДІЛІГІ

Авторлар

  • Бектурганов Айдос Назарбекұлы КЕАҚ «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
  • Серік Кененбаев КЕАҚ «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
  • Есенбаева Гульвира Лемисқызы КЕАҚ «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
  • Елдос Жанбырбаев

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_2_80

Кілт сөздер:

биологияландыру құралдары, соя, өнім құрылымы, өнімділік

Аңдатпа

Мақалада өнімділікті арттыруды және экологиялық таза өнім алуды қамтамасыз ететін биологияландыру тәсілдерін қолдана отырып, майбұршақ дақылының өсіру технологиясын әзірлеу бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген.

Далалық тәжірибелер Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылында орналасқан "Балтабай - 2030" ЖШС-де қысқа ротацилы ауыспалы егіс (майбұршақ, жүгері және күздік бидай) айналымында жүргізілді. Тәжірибе схемасына бақылау нұсқасы, көң, биогумус, HansePlant, Биоэкогум, Тумат және Агрофлорин кіреді.

Тәжірибелердегі учаскенің жалпы ауданы – 210 м2, есептік ауданы – 140 м2, қайталануы-3.

Далалық тәжірибелер зертханалық-далалық бақылау бағдарламаларымен сүйемелденді.

Зерттеу нәтижелері бойынша органикалық (көң, биогумус) тыңайтқыштарды енгізу және себу алдында тұқымдарды өңдеу, сондай-ақ өсімдік өсімдіктерін биологиялық препараттармен (HansePlant, Биоэкогум, Тумат, Агрофлорин) жапырақты бүрку, майбұршақтәсілдері пайдаланылған нұсқаларда майбұршақ өнімділігінің максималды мәні - 31,4-39,8 ц/га, бақылау нұсқасында – 24,2 ц/га болды. Бақылаумен салыстырғанда өнімнің өсуі 7,2-15,6 ц/га немесе 29,8-64,5% құрады.

Автор өмірбаяндары

  • Бектурганов Айдос Назарбекұлы, КЕАҚ «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»

    8D08101-Агрономия білім-беру бағдарламасы бойынша докторантура білім алушысы

  • Серік Кененбаев, КЕАҚ «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»

    ҚР ҰҒА академигі, а.ш.ғ.д., «Агрономия» кафедрасының профессоры

  • Есенбаева Гульвира Лемисқызы, КЕАҚ «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»

    а.ш.ғ.к., «Агрономия» кафедрасының профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-02-14

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары