ҚЫЗЫЛОРДА МЕН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНДА ТҮЙЕ ПАРАЗИТАФУНАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_38Кілт сөздер:
түйелер, гельминттер, эймериялар, кенелер, биттер, вольфартиозАңдатпа
Мақалада Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы әртүрлі меншік нысанындағы шаруа қожалықтары жағдайында 460 бас түйе басын зерттеу нәтижелері берілген. Барлық шаруашылықтардағы жануарлар Trichostrongylidae spp. қоздырғышымен залалданған, инвазия интенсивтілігі (ИИ) 400 ± 66 жұмыртқа г нәжісте, асқазан-ішек жолдарын К.И. Скрябин бойынша толық емес жарып-сою әдісімен зерттегенкезде жетілген гельминттерTrichostrongylidae spp. анықталды, инвазия экстенсивтілігі (ИЭ) 47,6%, ИИ 27-94 дана. Сонымен қоса түйелер Eimeria spp. төмен ИЭ 26,9%, ИИ 350±56 ооцист/г залалданған. Қызылорда облысында түйелердің бауыры мен өт жолдарын зерттеу кезінде Fasciola spp. Таралуы 14.3% және ИИ 4-20 дана құрады. Түйелердің Ixodidae тұқымдасы мен Argasidae тұқымдасынажататын паразитиформды кенелерімен зақымдануы 58.7, ИИ 1-83 дана және 5.5%, ИИ 1-15 данаға сәйкес болды. Microthoracius cameli орташа ИЭ 56.1%, ИИ 3-76 дана құрады. Сонымен қатар, вольфартиоздың зақымдануы анықталды ИЭ 22.7%, ИИ 2-300 дана. Маңғыстау облысында түйелерді жарып сою кезінде Cephalopina titillator дернәсілдері ИЭ 33.3 және ИИ 4-9 данамен анықталды. Паразиттердің инвазиясының жоғары дәрежесі түйелердегі эндо және эктопаразиттерді жоюдың тиімді алдын алу шараларын әзірлеуді талап етеді.