ЛАЙЛЫ ТҰНБАЛАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ ДОЗАЛАРЫНЫҢ КӨГАЛ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЖЕР ҮСТІ МАССАСЫНА ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТЫҢ САПАСЫНА ӘСЕРІ

Авторлар

  • Бостубаева Макпал Булатовна С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Науанова Айнаш Пахуашовна С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_2_87

Кілт сөздер:

көгал өсімдіктері, лайлы тұнбалар, микробиологиялық белсенділік, органикалық тыңайтқыш, целлюлоза ыдырату

Аңдатпа

Бұл мақалада көгал өсімдіктеріне қалалық канализациялық ағынды сулардың лайлы тұнбаларынан алынған органикалық тыңайтқыштың әртүрлі дозаларын: 5 т/га 10 т/га 15 т/га қолдану барысы зерттелді. Зерттеу барысында лайлы тұнбалардың әртүрлі дозаларының топырақтың химиялық құрамына, биологиялық белсенділігіне, көгал өсімдіктерінің жасыл массасының салмағына әсері қарастырылды. Топырақтағы нитратты азоттың, жылжымалы фосфордың көрсеткіштерінің өзгеру заңдылығы көгал өсуінің әртүрлі кезеңдерінде лайлы тұнбалардың әртүрлі дозаларына байланысты тікелей тәуелділікте болды. 10 және 15 т/га лайлы тұнба енгізген кезде топырақтың микробиологиялық белсенділігі артып, топырақтың құрамындағы азот пен фосфор көрсеткіштерінің 2-2,5 есе өсуі бақыланды. Лайлы тұнба тыңайтқышының дозасының жоғарылауымен қатар целлюлозалық белсенділігі де артты Топырақтың микробиологиялық белсенділігі органикалық тыңайтқыштың 15 т/ га салынған нұсқасында 80%-ға жетті, бұл кезде бақылау нұсқасының көрсеткіші 5% ғана құрады. Көгалдардың жер үсті массасының шабылымдары бойынша орташа мәні 10 т/га нұсқасы үшін бақылаудан 2 есе, 15 т/га 2,5 есе артық болды. Нәтижесінде көгал өсімдіктерінің өсіп өнуі үшін ең оңтайлы 10 т/га және 15 т/га екендігі анықталды.

Автор өмірбаяндары

  • Бостубаева Макпал Булатовна, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

    «8D08103 – Өсімдіктер қоректенуінің жəне тыңайтқыш қолданудың ғылыми негізі» мамандығы бойынша докторантура білім алушысы

  • Науанова Айнаш Пахуашовна, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

    Биология ғылымдарының докторы, «Агрохимия және топырақтану» кафедрасының профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-02-14

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары