ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЛШЫҚ ЖҮНДІ ҚҰЙРЫҚТЫ ТАЗА ТҰҚЫМДЫ ЖӘНЕ БУДАН ЕРКЕК ҚОЗЫЛАРЫНЫҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫ

Авторлар

  • Долдашева Гульжайнар Құсаинқызы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Шауенов Сауқымбек Қауысұлы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Ибраев Дулат Құсаинұлы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Мухаметжарова Ильмира Ермекқызы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_2_179

Кілт сөздер:

таза тұқымды еркек қозылар, будан қозылар, тірілей салмақ, абсолютті өлшем, орташа тəуліктік өлшем, дене өлшемдері, тұлға индекстері

Аңдатпа

Мақалада көрсетілген барлық зерттеулер Ақмола облысы, Целиногрaд aудaны, «Табыс» ШҚ жағдайындағы қазақтың қылшық жүнді құйрықты таза тұқымды және будан қозыларының өсуі мен дамуының зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу барысындағы таза тұқымды және будан қазақтың қылшық жүнді құйрықты еркек қозыларының туғандағы және өсіп-даму барысындағы тірілей салмақтары қанағаттанарлық деңгейде болды. Тәжірибеге алынған жаңа туған таза тұқымды және будан қазақтың қылшық жүнді құйрықты еркек қозыларының тірілей салмақтары 4,1-4,5 кг арасында болса, 20, 60 және 120 күндігінде, сәйкесінше 8,2-9,1, 16,8-17,9 және 31,5-34,4 кг құрады. Ал саулықтардың 20 күндік орташа сүттілігі, таза тұқымдыларда 25,85 кг., ал будан саулықтарда 27,5 кг құрады. Таза тұқымды қозылардың тірі салмағының 60 күндегі орташа тәуліктік өсімі 211,7-245,2 г және 223,3 – 275,0 г құрады, яғни айырмашылық 33,5 және 51,7 г немесе 15,8 – 23,1% шегінде байқалды.

Сонымен қатар, мақалада жаңа туылған қозылардың және олардың 4,0 айлық жасындағы дене өлшемдерінің көрсеткіштері және олардың анатомиялық байланысын анықтау мақсатында тұлға индекстері де есептелініп, келтірілген.

Автор өмірбаяндары

  • Долдашева Гульжайнар Құсаинқызы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығының докторанты

  • Шауенов Сауқымбек Қауысұлы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы» кафедрасының профессоры

  • Ибраев Дулат Құсаинұлы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

    философия докторы (PhD), «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы» кафедрасының меңгерушісінің м.а.

  • Мухаметжарова Ильмира Ермекқызы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы» кафедрасының эдвайзері

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-02-14

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары