«БЕК+» ЖШС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘРТҮРЛІ ГЕНОТИПТІ ГОЛШТИН ТҰҚЫМЫНЫҢ ҰРҒАШЫ БАСПАҚТАРЫНЫҢ СЫРТҚЫ ДЕНЕ БІТІМІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Сәрсенбекова Зухра Турсунханқызы А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Айтжанова Индира Нурлановна А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_61

Кілт сөздер:

голштин тұқымы, өлшемдер, өсу қарқындылығы, генотип, дене бітім

Аңдатпа

Мақалада Қостанай облысы, Федоров ауданының «Бек+» ЖШС жағдайында 6 айдан 14 айға дейінгі әртүрлі генотипті голштин тұқымының ұрғашы баспақтарының дене бітімінің сыртқы ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Ұсынылған жұмыстың мақсаты сыртқы дене бітімінің көрсеткіштері бойынша әртүрлі генотипті голштин тұқымының ұрғашы баспақтарын бағалау болды. Зерттеудің міндеті болып әртүрлі генотипті голштин тұқымының ұрғашы баспақтарын 6 айдан 14 айға дейінгі жас аралығында дене бітімінің өлшемдері мен индекстері бойынша бағалау болып табылды. Зерттеу топтарының ұрғашы баспақтарының дене бітімдері қарқынды және біркелкі өскені анықталды, дегенмен II топтың, яғни Рефлекшн Соверинг аталық ізінің баспақтары I топтағы құрдастарынан кейбір көрсеткіштер бойынша жоғары болды. Вис Бек Идеал аталық ізінің баспақтары 6 айдан 12 айға дейінгі жас аралығында мынандай көрсеткіштер бойынша өз құрдастарынан басым түсті: созылыңқылық индекс көрсеткіші – 93,7 см, жамбас-кеуде индексі – 85,3 см, өсіңкілік индексі – 98,6 см, сүйектілік индексі – 13,3 см. Зерттеу нәтижелері бойынша аталған екі аталық іздердің де ұрғашы баспақтары сүтті мал типіне сәйкес келетіні анықталды, бұл олардың пропорционалды дене пішінімен, дененің ортаңғы бөлігінің дамуымен және күшті сүйек құрылымымен расталады. Дене өлшемдерін бағалау малдың дамуының біртектілігін анықтауға мүмкіндік берді, бұл екі топ мал бастарының жақсы дамығандығын көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Сәрсенбекова Зухра Турсунханқызы, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы 8D08201 мамандығының докторантура білім алушысы

  • Айтжанова Индира Нурлановна, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    PhD докторы, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру кафедрасының қауымдастырылған профессорының м. а., Ғ және КБ маманы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-01-05

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары