ИЗОНИАЗИДТІ ҚАБЫЛДАҒАННАН КЕЙІН БҰЗАУЛАРДЫҢ ПАРЕНХИМАЛЫҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТІНДЕРІНДЕГІ ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ УЛЬТРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_2_9Кілт сөздер:
изониазид, гистологиялық, ультрақұрылымдық, электронды микроскоп, бұзауАңдатпа
Мақалада туберкулез тіркелген шаруа қожалықтары төлін жұқпалы кеселден аман алып қалу мақсатында, изониазид (маклеоудс фармацевтикалс, Индия ) дәрмегін беріп, оның бұзаулар мен теңіз шошқаларының паренхимиялық мүшелерінің (бауыр, лимфа түйіндері мен бүйректегі) патоморфологиясы мен ультрақұрылымындағы өзгерістеріне, қазіргі заманғы құрылғы электронды микроскоп (сканерлеуші және трансмиссионды электронды микроскоп) арқылы, түрлі (µm) ұлғайтқыштық өлшемдерде қарау арқылы алынған мәліметтер берілген. Гистологиялық және ультрақұрылымдық зерттеу үшін эпоксинді смола арқылы гисто кесінді жасау әдістемесі қолданылды. Гистологиялық зерттеу арқылы жануарлар ағзасындағы қайтымсыз түрлі патоморфологиялық, ультрақұрылымдық өзгерістер анықталды: лимфа түйіндерінің капиллярларының өткізгіштігінің күшеюі, бауыр жасушасында түрлі пішінді май тамшыларының кездесуі, бауыр жасушаларының ядролық конденсациясы, түрлі дистрофия үрдістері көрініс тауып, бауыр жасушаларында май тамшылары «шар» тәріздес көрінісі, эндоплазмалық тордың дөңестенуі, ядролары жасуша ішінде ыдырап, ядродағы тесіктер байқалды (май тамшыларының бауыр жасушаларына енуі салдарынан туындаған). Аталған зерттеулер арқылы, жануар ағзасындағы морфологиялық құрылымдық өзгерістер деңгейін анықтап, өзгерістер деңгейіне баға беріп, тиімділігін растауға, дәрмектердің дәйекті қабылдау секілді, оңтайлы емдік тағайындаулар жасауға мүмкіндік аламыз.