ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖƏНЕ ШЕТЕЛДІК СЕЛЕКЦИЯНЫҢ ЖОҢЫШҚА СОРТТАРЫ МЕН СОРТҮЛГІЛЕРІНДЕ КАРОТИН ҚҰРАМЫНЫҢ КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ ТƏУЕЛДІЛІГІ

Авторлар

  • Ансабаева Асия Симбаева А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Бекишова Гульден Каирбековна Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
  • Маханова Сауле Кордабаевна Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
  • Сагалбеков Уалихан Малгаждарович Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_75

Кілт сөздер:

жоңышқа, көкбалауса, каротин, құрғақ заттағы каротин мөлшері

Аңдатпа

Мақалада каротин және каротин құрамының құрғақ зат пен биохимиялық көрсеткіштерге тәуелділігі: ақуыз, қорытылатын ақуыз, қант, крахмал, талшық, май, күл, кальций, фосфор, сондай-ақ метаболизм энергиясы бойынша қазақстандық және шетелдік селекцияның жоңышқа сорттары мен сортүлгілерінің пішен сапасын бағалау нәтижелері келтірілген. Зерттеулер "GS19001 – Құрғақшылыққа төзімді жоңышқа алу үшін жабайы туыстас ауылшаруашылық дақылдарын пайдалану және оны Қазақстан, Қытай және Чили аумағында фермерлер арасында тарату" халықаралық жобасының тақырыбымен байланысты. Зерттеулер Қазақстан Республикасы Зеренді ауданы Ақмола облысының шоқылы-жазық аймағының солтүстік бөлігінде орналасқан "Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы" ЖШС-де (Шағалалы ауылы) жүргізілді. Жоңышқаның сорттары және сортүлгілері таза парда себілді. Экологиялық питомникте Қазақстандық және шетелдік ғалымдар шығарған жоңышқаның 35 сорты мен сортүлгілері зерттелді. Тұқымдар мамырдың екінші онкүндігінде егілді. Мал азығына себу әдісі (көк балауса, шөп) қатарлы (қатар аралығының ені 15 см). Өсімдіктерді көк балаусаға жинау гүлдену кезеңінің басында жүзеге асырылды. Жоңышқа сорттары және сортүлүлгілерінде каротин мөлшері 18,03-20,21 мг/кг арасында ауытқиды. Каротин мен зерттелген көрсеткіштер арасындағы корреляциялық байланыстар әлсіз оң және теріс, орташа оңға тең.

Автор өмірбаяндары

  • Ансабаева Асия Симбаева, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    Агрономия кафедрасының PhD докторы, доценті

  • Бекишова Гульден Каирбековна, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

    Ауылшаруашылығы және биоресурстар кафедрасының агрономия магистрі, лектор ҚР

  • Маханова Сауле Кордабаевна, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

    Химия және биотехнология кафедрасының PhD докторы,қауымдастырылған профессор

  • Сагалбеков Уалихан Малгаждарович, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

    Ауылшаруашылығы және биоресурстар кафедрасының ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, академик

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-01-05

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары