СОЮ АЛДЫНДАҒЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЕТ САПАСЫНА ӘСЕРІ

Авторлар

  • Орынтаева Мақпал Жанкелдиновна А. Байтурсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Исабаев Азамат Жаксыбекұлы А.Байтурсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Ансабаева Лейла Симбаевна А. Байтурсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_2_24

Кілт сөздер:

техникалық кəдеге жарату, ет биохимиялық талдауы, мəжбүрлі сою, стресс факторлары, тағамдық құндылығы, қауіпсіздігі

Аңдатпа

Малдың союға дейінгі функционалдық жағдайы сойғаннан кейінгі еттің жетілу процестерінің деңгейіне әсер етеді.

Мақалада Тобыл қаласындағы «MEAT mall» ЖШС мал сою пункті жағдайында мал сою өнімде­рін жұқпалы емес этиологиялы ауруларға ветеринариялық-санитариялық сараптау ерекшелікте­ріне қатысты мәселелер қарастырылған.

Бұл мақалада әртүрлі жүйелердің (жүрек-қан тамырлары, асқорыту, тыныс алу және т.б.) патологиясына байланысты ірі қара малды мәжбүрлеп сою себептеріне талдау, сондай-ақ етті кәдеге жарату себептерін (қан кетудің нашар дәрежесі, сарқылу т.б.) сипаттайды.

Жұмыста ішкі органдардың ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бағаланды. Мақалада сау жануарлардың етімен салыстырғанда мәжбүрлі түрде өлтірілген жануар­лардың етіндегі сутегі иондарының (рН көрсеткіші) концентрациясының жоғарылауын көрсететін сенімді деректер алынған биохимиялық талдауының (формол сынамасы, рН көрсеткіші) нәтижелері қамтылған.

Әр түрлі стресстерде, жануарлардағы патологиялық процестерде бұлшықет тінінде сою алдында гликоген мөлшері, сондай-ақ гликолитикалық процестердің белсенділігі айтарлықтай төмендейді. Мұндай жануарлардың етінде пісу процесінде рН көрсеткіші қажетті мәнге дейін төмендемейді (рН 5,6 – 6,2), нәтижесінде еттің жетілу процестері толық өтпейді, мұндай ет ұзақ сақтауға төзімді емес.

 

Автор өмірбаяндары

  • Орынтаева Мақпал Жанкелдиновна, А. Байтурсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    ветеринария ғылымдарының магистрі, В.Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институтының ветеринариялық санитария кафедрасының оқытушысы

  • Исабаев Азамат Жаксыбекұлы, А.Байтурсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    ветеринариялық ғылымдарының кандидаты, ветеринария­лық санитария кафедрасының доценті

  • Ансабаева Лейла Симбаевна, А. Байтурсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    8В09102- Ветеринарлық санитария білім беру бағдарламасы бойынша докторантураның білім алушы, ветеринарлық санитария кафедрасы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-02-14

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар