БӨДЕНЕЛЕРДІ ӨСІРУ КЕЗІНДЕ ЭКСТРУДТАЛҒАН КОМПОНЕНТТЕРМЕН АЗЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

Авторлар

  • Султанаева Лейла Зинуровна «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ
  • Исабекова Салтанат Айтымқызы «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ
  • Жанабаева Динара Кабдуллаевна «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ
  • Балджи Юрий Александрович «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_2_42

Кілт сөздер:

экструдталған азық, бөденелер, Манжүр тұқымы, рацион, құрама азық

Аңдатпа

Мақала дайндалған азықтың құрамына экструдталған компоненттерді қоса отырып, бөдененің өсу қарқынын зерттеуге арналған. Тәжірибені жүргізу мақсатында Манжүр тұқымына жататын 14 күндік,  жалпы 90 бөдене алынды. Әр топта 45 бөденеден, яғни тәжірибелік (ТТ) және бақылау топтарына (БТ)  бөлінді. Құстарды ұстау ережелері бірдей, тек азықтандыруда өзгешілік болды. БТ бөденелер өндірістік азық түрімен, ал ТТ әзірленген азықпен азықтандырылды. Өндірістік азықты зерттеу нәтижесі құс ағзасының энергия мен ақуызға деген қажеттілігін қанағаттандырмайтынын көрсетті, яғни жасұнық  мөлшері әзірленген азық құрамына қарағанда көп, ал күл мөлшері аз екендігі анықталды. Өсудің барлық кезеңдерінде ТТ құстың салмағы БТ салмағынан барлық кезеңде орта есеппен 30%-ға артық екені анықталды. Өсу кезеңдегі абсолютті өсім БТ-да 135,3±6,7 г болса, ТТ құстарда 186,3±3,3 г болды. Сонымен қатар, ТТ құстардың жыныстық жетілу уақытында және жұмыртқалау кезені өмірінің 40-шы күні басталса, ал КГ құстарында 55-ші күні басталды. Сондықтан экструдталған компоненттері бар ұсынылған құрама азық өсу қарқындылығына оң әсер етеді және бөдене өсіру шаруашылықтарында пайдалануға ұсынылуы мүмкін.

Автор өмірбаяндары

  • Султанаева Лейла Зинуровна, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ

    ветеринария ғылымдарының магистрі, кіші ғылыми қызметкер

  • Исабекова Салтанат Айтымқызы, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, жетекші ғылыми қызметкер

  • Жанабаева Динара Кабдуллаевна, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ

    PhD докторы, «Ветеринариялық санитария» кафедрасының аға оқытушысы

  • Балджи Юрий Александрович, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ

    ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің «Ветеринариялық санитария» кафедрасының профессор м.а.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-02-14

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар