ШЕТ ТІЛДІК САЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ТІЛДІК ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_128Кілт сөздер:
коммуникативтік құзыреттілік, шет тілді салалық білім беру, экономикалық бағыт, гуманитарлық бағыт, жаратылыстану ғылыми бағыты, шетел тілді білім беру, арнайы коммуникативтік практикумАңдатпа
Бұл мақалада педагогика факультетінің шетел тілдері студенттерінің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру тармақтары қарастырылады. Лингвистикалық жоғары оқу орындарының түлектеріне қойылатын жаңа талаптарға байланысты түрлі салада қарым-қатынас жасауға қабілетті жаңа көзкарастағы профессорлық-оқытушылар құрамын даярлау қажеттілігі туындады. Бұл мақалада шет тілді салалық білім беруде мамандар даярлау туралы айтылады, атап айтқанда, гуманитарлық, экономикалық, жаратылыстану бағыттары көрсетіледі. Шетел тілдері педагогикалық факультеті студенттерінің салалары бойынша коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін шетел тілді білім беру әдістемесі кафедрасының ұжымы жоғарыда аталған үш дайындық бағыты бойынша оқу құралдарын (коммуникативтік жаттықтыру сабағы) әзірлеп, оқу процесіне енгізді. Бұл семинарларда студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту үшін қажетті мазмұны жоғары, яғни коммуникативтік жағдайлар, рөлдік ойындар, талқылауға арналған проблемалық мәселелер, кейс стади, жобалау технологиялары және т.б. талқыланды. Әзірленген оқу құралдарын сынақтан өткізуде практикалық сабақтар барысында тиімділігін көрсетті және шет тілді салалық білім беруде студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етті.