ҚР аймағында кездезкен бруцеллез қоздырушысын молекулалық- генетикалық зерттеу

Авторлар

  • Аида Даугалиева «Мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
  • Асия Мусаева «Мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
  • Аяулы Айтқұлова Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Кілт сөздер:

бруцелла, идентификация, полимеразды тізбекті реакция, фрагментті талдау, генотиптеу

Аңдатпа

Бұл мақалада бруцеллез ауруымен ауыратын ірі қара мал мен ұсақ малдың молекулалық-
генетикалық зерттеу нəтижелері келтірілген. Ұсақ мүйізді малдарда бруцеллез диагнозын зерт-
ханалық растау жəне бруцеллез қоздырушысын анықтау, идентификациялау үшін молекулалық-
генетикалық зерттеу əдісі – полимеразды тізбекті реакция (ПТР) қолданылды. Бруцеллез қоздыр-
ғышын оқшаулау мақсатында іш тастаған қой түсіктерінен алынған патологиялық материалдар-
ға сараптама жүргізілді; бөлініп алынған қоздырушыны Brucella spp түріне сəйкестендіру ПТР
арқылы жүзеге асырылды; содан кейін ПТР арқылы оқшауланған бруцелла өсіні Brucella melitensis
түріне жатқызылды. Полимеразды тізбекті реакция көмегімен бруцеллалардың барлық тексеріл-
ген далалық изоляттарының түрлері – B. melitensis – белгіленді. Батыс Қазақстан облысы жануар-
ларынан оқшауланған жəне Қазақстан аймағындағы бруцелла штамдарының генетикалық əртүр-
лілігін бағалау үшін тандемді қайталауларының айнымалы сандарына MLVA-16 локус-анализі
қолданылды. Ірі қара малдан B. аборттың 7 штаммы бөлініп алынды, бұл штамдар 2 генотипке
топтастырылған жəне генетикалық жағынан Қазақстандағы айналымнан ерекшеленеді. B. melitensis
изоляттары 2 қойдан бөлініп алынды, генетикалық жағынан Қазақстанның оңтүстік аймақ-
тарында кең таралған генотиптерге ұқсас 3-ші генотипті көрсетті.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2021-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар