«АЙНА» СҮТ ФЕРМАСЫ» ЖШС ЖАҒДАЙЫНДА САУЫН СИЫРЛАРЫНЫҢ СҮТ ӨНІМДІЛІГІМЕН ҚОҢДЫЛЫҒЫНЫҢ (BCS) ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_83Кілт сөздер:
Body Condition Score, сүт өнімділігі, голштин тұқымы, май және ақуыз мөлшері, соматикалық жасушаларАңдатпа
Бұл мақалада «Айна» сүт фермасы» ЖШС базасында өсірілетін голштейн тұқымының сауын сиырларының Body Condition Score (қоңдылығын бағалау) мен сүт өнімділігі көрсеткіштері (май, ақуыз, сүт сауымы, соматикалық жасушалар) арасындағы байланысты зерттеу бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Барлығы 4 топ құрылды. Деректер ай сайын бақылау сауымы кезінде, 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың ақпанына дейін алынып, зерттелді. Қоңдылықты бағалауды жүйелі түрде жүргізу сауын табындарын басқаруда тиімді құрал ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу барысында табын бойынша кондицияның орташа көрсеткіші (BCS) 2,97 баллды құрайтыны анықталды және оның қалыпты шекте екенін көрсетеді. Сүт құрамын талдау сүттегі май мен ақуыздың жеткілікті жоғары мөлшерін, сондай-ақ соматикалық жасушалардың рұқсат етілген мөлшерінен асып кеткенін көрсетті.
Зерттеу нәтижелері, сондай-ақ корреляциялық талдау кондицияны бағалау (BCS) мен сүт өнімділігі арасында байланыс бар екенін көрсетті. BCS-тің төмен көрсеткіштері өнімділіктің белгіленген генетикалық әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік бермейді, бұл табынның орташа тәуліктік сүт өнімділігімен дәлелденеді, ол шамамен 17 кг құрайды.