ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ БЕЙІМДЕЛУ ПРОЦЕСІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕЛЛЕКТІСІН ДАМЫТУ

Авторлар

  • Турсынбет Гулжан Темірқызы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті https://orcid.org/0000-0002-1427-0111
  • Шкутина Лариса Арнольдовна Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті https://orcid.org/0000-0002-9370-2946
  • Ахметова Айнура Ермековна Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_279

Кілт сөздер:

бейімделу, кәсіби оқыту, мінез-құлық, оқу тобы, оқу қызметі, таным, эмоция, әлеуметтік интеллект

Аңдатпа

Мақаланың өзектілігі практикалық педагог-психологтардың кәсіби дайындығы деңгейіне қазіргі заманның білім беру жүйесінің қоятын жоғарғы талаптарына байланысты болып отыр. Осы тұста негізгі кәсіби білім беру кезеңінде педагог-психологтың кәсіби тұрғыда табысты қалып­тасуының индикаторы ретінде білім алушының жоғарғы оқу орнының білім беру үрдісіне бейімделу көрсеткіштерін айта аламыз. Яғни, мақалада болашақ педагог-психологтардың әлеуметтік интеллектісін дамыту мәселесі жоғарғы оқу орнының оқыту жүйесіне бейімделу аспектісінде қарастырылған.

Мақаланың мақсаты «әлеуметтік интеллект» және «жоғарғы оқу орнының оқыту жүйесіне бейімделу» ұғымдарының ғылыми мазмұнының мәнін теориялық тұрғыдан түсіну болып табылады, оны шешу келесі міндеттер арқылы жүзеге асырылады: педагогика мен психологиядағы әртүрлі теориялық және қолданбалы тәсілдерді ескере отырып, теориялық талдау, болашақ педагог-психологтың әлеуметтік интеллектісінің құрылымдық компоненттерін бөлу; студенттердің оқу «тобына» және оқу «қызметіне» бейімделу көрсеткіштерін бөлу; болашақ педагог-психологтардың әлеуметтік интеллект көрсеткіштері мен олардың жоғарғы оқу орнының оқыту процессіне бейімделу көрсеткіштері арасындағы корреляциялық байланысты анықтау.

Мақалада, «әлеуметтік интеллект» және «жоғарғы оқу орнының оқыту жүйесіне бейімделу» ұғымдары нақтыланған. Студенттердің оқу «тобына» және оқу «қызметіне» бейімделу көрсеткіш­тері анықталған. Болашақ педагог-психологтардың әлеуметтік интеллект көрсеткіштері мен олардың жоғарғы оқу орнының оқу процесіне бейімделу көрсеткіштері арасындағы корреляциялық байланыстар анықталған және эмпирикалық әдіс негізінде тексерілген.

Автор өмірбаяндары

  • Турсынбет Гулжан Темірқызы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

    мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасы, 8D01101 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасының докторанты

  • Шкутина Лариса Арнольдовна, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

    педагогика ғылымдарының докторы, мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасының профессоры

  • Ахметова Айнура Ермековна, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

    педагогика ғылымдарының магистрі,  мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-11-27

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар