Қазақтың ақбас сиырларының ағзасында емізу кезеңіндегі май алмасуының және оның тиреоидты реттелуінің ерекшеліктері
Кілт сөздер:
қан, липидтер, тироксин, трийодтиронин, сиырлар, корреляцияАңдатпа
Осы мақалада ет бағытында өсірілетін жануарлардың, сонымен қатар қазақ ақбас сиырларының ағзасында май алмасуының жай-күйі және оның олардың жасына және лактация мерзіміне байланысты тиреоидты гормондардың деңгейімен ұштасуының зерттелуі туралы мәліметтер келтіріледі. Сиырлардың қанындағы жалпы липидтердің мөлшері жасына қарай 22,00-24,48%-ға төмендегені, ал триглицеридтер мен холестерин мөлшері, керісінше, 13,46-16,66%-дан 19,17-25,41%-ға жоғарылағаны анықталды. Сиырлардың жасына қарамастан, жас жануарларды өсірудің емізу кезеңімен байланысты лактация кезінде жалпы липидтер мен триглицеридтердің концентрациясы 14,19-19,78%-ға (p<0,05) және 22,22-30,76%-ға (p<0,05) төмендейді, ал холестерин 12,73-20,89%-ға (p<0,05) артады. 5-8 жастағы сиырлардың қанындағы тироксин мөлшері алғашқы төлдеген қашарлар деңгейінен 28,13-31,84%-ға артық (р<0,05), ал сауудың ортасында оның басталуымен салыстырғанда 7,03-40,50%-ға асады. Лактацияның басында трийодтирониннің концентрациясы 70,00%-ға артады, ал ортасында, керісінше, 14,18%-дан (алғашқы төлдеген қашарларда), 4,01 есеге дейін (8 жастағы сиырларда) төмендейді. Қан майларының деңгейі трийодтирониннің мөлшерімен байланысты, бұл тікелей (75,00%) және шынайы (30,00%) корреляциялар санымен расталады. Т3 концентрациясы холестерин деңгейімен (r=0,66±0,27 – 0,91±0,14, р≤0,05) және триглициридтермен (r= 0,56±0,29 - r=0,88±0,17, р≤0,05) статистикалық тұрғыдан айтарлықтай байланысты.