СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА АБЕРДИН-АНГУС ТҰҚЫМЫНЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЖӘНЕ ӨНІМДІ ҚАСИЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

Авторлар

  • Брель-Киселева Инна Михайловна А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Шевченко Павел Викторович А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Папуша Наталья Владимировна А. Байтурсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_98

Кілт сөздер:

ірі қара, генотип, дене индекстері, етті мал шаруашылығы, селекция, тірі масса, өлшемдер

Аңдатпа

Мақалада Қостанай облысы Денисов ауданының «Колос» ЖШС Солтүстік Қазақстан өңірінде өсірілетін әртүрлі генотиптердің абердин-ангус тұқымды ірі қара малдың төлінің өсуі мен дамуының салыстырмалы сипаттамасы туралы ғылыми-зерттеу материалының нәтижелері келтірілген. Бұқа мен қашарларды өнімді және асыл тұқымды қасиеттері бойынша бағалау жүргізілді, осы жұмыстың нәтижесі бойынша көрсеткіштерді бағалау бойынша басымдылық, зерттеу әдістемесіне сәйкес аналық мал басы бойынша генотиптерге (Канада селекциясы) тиесілі І топтағы төлдерде және жақсы көрсеткіштерге ие AAR Ten Gauge 1501 7AN425 сандық сипаты бұқада байқалды. Сол сияқты, зерттеу нәтижелері бойынша сиырлар абердин-ангус тұқымының аналық басы ретінде ұрпақтарының тұқым қуалайтын белгілерін беруге төзімділігінің жоғары болуымен сипатталады. Жануарлар арасында аралық орынды алады: II топ (Эстон селекциясы), АAA бұқаның генотипі бойынша 17888695; III топ (Қазақстан селекциясы) және бұқаның генотипі бойынша KZP157796788. Әртүрлі генотиптердегі абердин-ангус тұқымды ірі қара малдың төлінің (бұқалар мен қашарлар) өнімді және асыл тұқымды қасиеттерін сипаттайтын белгілер бойынша алынған заңдылықтар базалық шаруашылықтағы қазіргі заманғы мал басы асыл тұқымға және ет өнімділігін алуға арналған жөндеу төлі ретінде пайдаланылуы мүмкін екенін көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Брель-Киселева Инна Михайловна, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының меңгерушісі

  • Шевченко Павел Викторович, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    8D080200 – мал өнімдерін өндіру технологиясы мамандығының докторанты

  • Папуша Наталья Владимировна, А. Байтурсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, малшаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-11-27

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары