Онлайн ресурстарды аралас оқыту жағдайында қолдану

Авторлар

  • Регина Ахметкалиева Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Кілт сөздер:

Ковид-19, желілік оқыт, аралас оқыту, желілік ресурстар, оқу ортасы

Аңдатпа

Осы уақытқа дейін Қазақстандағы көптеген оқу орындары дәстүрлі оқыту әдістеріне негізделген, яғни, дәрістер мен практикалық сағаттарда аудиторияларда әдеттегі нақты қарым-қатынас жолымен жүрді. Жақында кейбір мектептер аралас оқытуды жүзеге асыра бастаса да, олар бұрынғы үлгіден әлі алыс емес. Кенеттен бүкіл әлемді шарлап шыққан Covid-19 жағдайды түбегейлі өзгертті. Пандемиялық қауіп планетаның білім беру жүйелерін шұғыл түрде онлайн-оқытуға көшуге мәжбүр етті. Осы уақытқа дейін дәстүрлі педагогикалық процеске өзгеріс енгізуден бойын аулақ ұстаған көптеген оқу орындары таңдау қалмағандықтан онлайн режимінде сабақтарды оқытуға көше бастады. Бұл мақала тікелей желіде оқыту жағдайында туындайтын белгілі бір қиындықтарды жарыққа шығарады және сабақтың дәстүрлі құрылымын жаңарту мақсатында жаңа өзекті онлайн-ресурстар іздейтін мұғалімдер үшін пайдалы болады. Мақалада әлеуетті интернет-ресурстар талданады және оларды аралас оқыту ортасында пайдаланудың кейбір нұсқалары ұсынылады. Бұл тұтастай алғанда оқу процесінің тиімділігін арттырады.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2021-07-19

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар