ІРІ ҚАРА МАЛЫНДА РЕПРОДУКТИВТІК ҚЫЗМЕТПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ERα/BGLI SNP ПОЛИМОРФИЗМІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Усенбеков Есенгали Серикович КЕАҚ «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
  • Тургумбеков Асет Абдымаратович «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің» КЕАҚ
  • Przemysław Sobiech Варминск-Мазурск университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_2_47

Кілт сөздер:

сиырларлды генотиптеу, ПТР-РФҰП талдауы, SNP ERα/BGLI, репродуктивтік қызмет, ұрықтандырғаннан кейін 58-ші тәуліктен соң сиырлардың қайтып келмеу индексі, өнімділіктің ДНК маркерлері

Аңдатпа

Мақалада Алматы облысы, Талғар ауданы, «Байсерке-Агро» ЖШС шаруашылығындағы голштин тұқымдас  сиырларының эстроген рецепторларының гендік локусы, ERα/BGLI SNP полиморфизмі бойынша генотиптеу нәтижелері берілген. Зерттелетін жануарларда ERα генінің локусы бойынша генетикалық нұсқалардың таралуы анықталған,; ДНҚ сынамасының нәтижелері бойынша зерттелетін сиырларда ДНҚ гендік тепе-теңдік бұзылған, сиырларда G аллелі басым кездеседі, оның жиілігі 0,83 болған. ERα генінің әртүрлі генетикалық нұсқалары бар 120 сиырдың репродуктивті қызметі бақыланып, репродуктивті қызметі жақсы көрсеткіштері бар жануарлардың көпшілігі гетерозиготалы AG генотипті болғаны  анықталды. Сондай-ақ сиырлардың репродуктивті қабілетіне ERα ген аллельдерінің ассоциативті әсерін анықтау үшін қолдан ұрықтандырудан кейінгі 58-ші күні сиырлардың қайтып келмеу индексі анықталды және осы критерий бойынша гетерозиготалы AG генотипі бар сиырлардың гомозиготалы АА және GG генотиптері бар жануарлармен салыстырғанда артықшылықтары болды. ПТР-РФҰП талдауы арқылы ERα генінің локусында сиырлардың генотиптеу жануарлардың генотипін анықтауға мүмкіндік береді және сиырлардың репродуктивті функциясының ДНҚ маркері ретінде ERα/BGLI SNP полиморфизмі қолдану ұсынылады.

Автор өмірбаяндары

  • Усенбеков Есенгали Серикович, КЕАҚ «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»

    биология ғылымдарының кандидаты, «Акушерлік, хирургия және өсіп өну биотехнологиясы» кафедрасының профессоры

  • Тургумбеков Асет Абдымаратович, «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің» КЕАҚ

    ветеринария ғылымдарының магистрі, «Акушерлік, хирургия және өсіп өну биотехнология­сы» кафедрасының аға оқытушысы

  • Przemysław Sobiech, Варминск-Мазурск университеті

    ветеринария ғылымдарының докторы, профессор «Ішкі аурулар клини­касымен» кафедрасы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-02-14

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар