ҚҰТЫРЫҚҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАНҒАН ҮЙ ЕТҚОРЕКТІЛЕРІНДЕ ВИРУС БЕЙТАРАПТАУШЫ АНТИДЕНЕЛЕР БАР-ЖОҚТЫҒЫНА СЕРОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ

Авторлар

  • Бейсембаев Канатжан Каиргельдинович С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Мұханбетқалиев Ерсін Ерғазыұлы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Әбдірахманов Сәрсенбай Қадырұлы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_10

Кілт сөздер:

құтырық, вакцинация, сарысулар, Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының қалалық және ауылдық аумақтарын мекен ететін құтырық ауруына қарсы вакцинацияланған иттерді серологиялық мониторинглеу нәтижелері көрсетілген. Ғылыми жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес Петропавл, Алматы, Шымкент қалаларына, Солтүстік-Қазақстан (Есіл, Қызылжар), Жамбыл (Байзақ, Жамбыл) облыстары аудандарының ауылдық округтарына экспедициялық барып-келу сапарлары нәтижесінде ғылыми зерттеушілер тобы тарапынан жыныстық ерекшелігіне қарамастан 1 жастан 15 жасқа дейінгі аралықтағы түрлі өндірушілердің вакциналарымен ит құтырығына қарсы егілген иттердің қан сарысуы сынамалары алынған болатын. Қан сынамаларын алудың аталған орындары ел аумағын соңғы он жылда жануарлардың құтырық ауруы бойынша зерттеудің эпизоотологиялық сипаттамасы нәтижелері бойынша анықталды.

Сарысуды қолжетімді әдіспен зерттедік, атап айтқанда «Тікелей емес иммуноферменттк талдау әдісімен құтырыққа қарсы вакцинацияланған жануарлар қанының сарысуында құтырық вирусына антиденелер деңгейін анықтауға арналған иммуноферменттік тест-жүйесі» (өндірушісі ФГБНУ «ФЦТРБ-ВНИВИ», Ресей).

Республикамыздың солтүстік және оңтүстік өңірлерінде мекендейтін әртүрлі жас аралығындағы және жыныстағы құтырыққа қарсы инактивирленген вакциналармен иммунизация­ланған иттерден 1,5-5 айдан кейін алынған қан сарысуын поствакциналды зерттеу нәтижелері үй етқоректілерінің сезімтал туыстастарына қатысты қажетті қорғаныс бөгетінің қалыптасқа­нынан дәлелдеп көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Бейсембаев Канатжан Каиргельдинович, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

    PhD докторы, ветеринариялық санитария кафедрасының доценті

  • Мұханбетқалиев Ерсін Ерғазыұлы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

    ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент, «Ветеринария» кафедрасының меңгерушісі

  • Әбдірахманов Сәрсенбай Қадырұлы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

    ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің деканы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-11-27

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар