МƏДЕНИЕТАРАЛЫҚ ЖƏНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ АНЫҚТАУ ТƏСІЛДЕРІН ТАЛДАУ

Авторлар

  • Юсупова Гузал Таджихановна Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Кульгильдинова Тулебике Алимжановна Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_2_255

Кілт сөздер:

мəдениетаралық құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік, кəсіби құзыреттілік, тілдік кедергі, интерактивті технологиялар, электронды ресурстар, мəдениетаралық коммуникация

Аңдатпа

Мақалада мәдениетаралық-ақпараттық құзіреттілікті анықтау тәсілдерінің мәселелері мен талдаулары және мәдениетаралық коммуникация, мәдениетаралық құзыреттілік ұғымдарының маңызды сипаттамалары, сондай-ақ осы құзыреттің әрбір құрамдас бөліктерін қалыптастыру жолдары қарастырылады. Мәдениетаралық құзыреттілік қазіргі уақытта жыл сайын жаңа тәсілдер мен перспективалар пайда болатын зерттеу саласы болып табылады. Авторлар мәдениетаралық коммуникацияның табыстылығы көбінесе оған қатысушылардың мотивациясының болуымен (шетелдік мәдениетті үйренуге ашықтық және жеке қасиеттер (толеранттылық, эмпатия, құндылықтар және т.б.). Мәдениетаралық қарым-қатынаста тұлғалық аспектінің маңыздылығына берілген жалпы бағаны ескере отырып, біз оны мәдениетаралық құзыреттіліктің құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз, ол білім алушылардың арасында бірдей дамытылуы тиіс. Бұл зерттеу білім алушылардың мәдениетаралық құзыреттілігін дамыту және цифрлық білімін арттыру, мәдениетаралық коммуникацияны нығайту, онлайн сабақтардың тиімділігін анықтау мақсатында жасалған.

Автор өмірбаяндары

  • Юсупова Гузал Таджихановна, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    8D01713-Шетел тілі; екі шетел тілі мамандығы бойынша докторантураның білім алушысы

  • Кульгильдинова Тулебике Алимжановна, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

    педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-02-14

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар