ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРИАТТЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Ислам Ақбота Шералханқызы ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы
  • Сакенова Қарлығаш Женисовна ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы
  • Мұқатаев Айдос Ағдарбекұлы ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы
  • Нұрмағамбетов Амантай Әбілхайырұлы ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_231

Кілт сөздер:

қолданбалы бакалавриат, қысқа цикл, үштік білім, тәжірибеге бағдарлану, техникалық және кәсіптік білім беру, білім беру бағдарламалары, оқу жоспары

Аңдатпа

Қазақстандық түлектерді теориялық және практикалық даярлау арасындағы теңгерімсіздік мәселесін шешудің бір жолы қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын әзірлеу және енгізу болып табылады.

Мақалада қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын жүзеге асырудың шетелдік және отандық тәжірибесіне талдау жасалды. Авторлар сонымен қатар қолданбалы бакалавриатты жоғары білім деңгейінде енгізу мүмкіндіктері мен перспективаларын қарастырады.

Авторлардың пікірінше, қазақстандық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын іске асыру заңнамалық тұрғыдан бекітілгенімен, дамыған практикалық дағдылары бар және осындай бағдарламаларды бітірушілердің білімін жалғастыру мүмкіндігі бар жоғары білікті мамандардың еңбек нарығын толықтыру проблемалары қалып отыр. Авторлар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын/оқу жоспарларын және Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіндегі (пилоттық жоғары оқу орындарында) қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын талдайды және салыстырады. Жоғары оқу орындарында қолданбалы бакалавриатты имплементациялау кезінде бағдарламаның практикаға бағдарлануын ескере отырып, мәдениетаралық және кәсіптік дағдыларды қалыптастыратын пәндер циклдерінің оңтайлы арақатынасын айқындау қажет. Қолданбалы бакалавриат түлектеріне білім берудің одан әрі траекториясы мәселесі зерттеуді және болашақта нормативтік қамтамасыз етуді әзірлеу мақсатында негіздемені талап етеді.

Автор өмірбаяндары

  • Ислам Ақбота Шералханқызы, ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы

    педагогика ғылымдарының магистрі, сарапшысы

  • Сакенова Қарлығаш Женисовна, ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы

    химия ғылымдарының кандидаты, директор орынбасары

  • Мұқатаев Айдос Ағдарбекұлы, ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы

    педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ғылыми кеңесшісі

  • Нұрмағамбетов Амантай Әбілхайырұлы, ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы

    саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, кеңесшісі

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-11-27

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар