СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗДЫҚ АРПАНЫҢ КОЛЛЕКЦИЯЛЫҚҮЛГІЛЕРІН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_43Кілт сөздер:
1000 дәннің салмағы, арпа, коллекция, масақтағы дән саны, масақтағы дәннің салмағы, үлгі, өнімділікАңдатпа
Мақалада жаздық арпаның коллекциялық үлгілерін зерттеу нәтижелері көрсетілген. Арпаның коллекциялық питомнигі А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы астық дақылдарының генетикалық ресурстары зертханасының танаптарынды себілді. Танаптық және зертханалық бағалаулар арпаның дүниежүзілік коллекциясын зерттеу және сақтау бойынша (Н.И. Вавилов атындағы Бүкіләлемдік өсімдік шаруашылығы институты шығарған) нұсқауларына сәйкес жүргізілді. Негізгі шаруашылық-құнды белгілері бойынша Ресейден, Германиядан, Украинадан, Латвиядан, Нидерландыдан және СИММИТ гибридті популяциялар питомнигінен алынған жаздық арпа үлгілері зерттелді. Зерттеу барысында өсімдіктердің биіктігі, негізгі масақтағы дәндердің саны, негізгі масақтағы дәннің массасы, 1000 дән массасы және зерттелген үлгілердің өнімділігі анықталды. Арпаның 38 үлгісінен орта есеппен үш жыл бойы жүргізілген зерттеулер бойынша келесідей үлгілер ерекшеленді – ерте пісетін: CP 060189 04 AB097C (СИММИТ), Княжич, Ястреб, (Ресей), Козак (Украина); өнімділігі жоғары: Беркут, Заветный, Княжич, Тонус (Ресей), Козак (Украина); масақтағы дән саны бойынша: Безенчукский 3 (Ресей), CP 060309 FEG 126-1-A, CP 060030 BARI 6 B03-4375, CP 060268 UT 04B 208-D (СИММИТ); 1000 дәннің массасы бойынша: Ястреб (Ресей), CP 060135 04 AB093-A, CP 060768 MT 050241 (СИММИТ). Бұл үлгілер Солтүстік Қазақстан жағдайында жаздық арпаның селекциялық бағдарламаларында бастапқы материал ретінде қолданыла алады.