ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МУЗЫКАЛЫҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНДА «ТӨҢКЕРІЛГЕН СЫНЫП» ОҚЫТУ МОДЕЛІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_210Кілт сөздер:
төңкерілген сынып, сыни ойлау, заманауи технология, педагогикалық экспериментАңдатпа
Бұл мақалада Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп–интернатының білім алушыларында биология пәнін оқытуда пайдаланылған «Төңкерілген сынып» аралас оқытудың моделі бойынша заманауи технологиясын пайдалануды бағалау бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеуге екі тоғызыншы сыныптың 31 оқушысы қатысты. Эксперимент барысында екі топ құрылды: эксперименттік және бақылау. «Төңкерілген сынып» моделі өзін зерттелетін пән бойынша білім алудың және алған дағдыларын бекітудің өте сәтті тәжірибесі ретінде көрсетті. Экспериментті талдау көрсеткендей, білім алушылар білім, түсіну және қолдану үшін базалық деңгейдегі тапсырмаларды 100% орындайды. Жоғары дәрежелі дағдылармен эксперименттік сыныпта оқыған балалар әлдеқайда жақсы жұмыс істейді. Талдауды қажет ететін тапсырмалар эксперименттік сыныпта оқушылардың 88,2%, ал бақылау сыныбында 64,2% орындай алды. Эксперименттік сыныптағы синтез тапсырмаларын оқушылардың 76,4%, ал бақылау сыныбында оқушылардың 57,1% орындады. Зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша төңкерілген оқыту оқушыларға жаңа материалды өздеріне ыңғайлы қарқынмен игеруге және сабақ басталғанға дейін өзін-өзі бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, оқушылардың үлгерімін жақсартып, білім сапасын 17% - ға арттырды.