БАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ БЕЙІНДІК ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА STEAM-ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНЫП, БОЛАШАҚ ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_238Кілт сөздер:
геоэкология, геоэкологиялық құзіреттілік, қоршаған орта сапасы, STEAM-технология, ауаның ластануы, сандық картаАңдатпа
Мақалада базалық және бейіндік пәндерді оқу барысында болашақ география мұғалімдерінің геоэкологиялық зерттеу құзіреттілігін қалыптастырудағы STEAM-технологиясының рөлі қарастырылады. Қашықтықтан зондтау деректерін, сандық интербелсенді карталарды, білім беру үрдісінде жердегі эмпирикалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалануға негізделген STEAM-технологияларды қолданудың тиімді әдістері талданады. STEAM технологиясын базалық және бейіндік пәндерді оқу барысында іс жүзінде қолдану нәтижелерінен мысалдар келтірілген.
STEAM технологиясының мәнін және оны білім беру үрдісінде жүзеге асыру ерекшеліктерін талдау оның білім мазмұнының жаңғыртылуы жағдайында ақпараттық қоғамның талаптасына сәйкес болашақ география мұғалімдерінің геоэкологиялық зерттеу құзіреттілігін қалыптастыруда және функционалдық сауаттылығын шығармашылық әрекетін дамытуда әлеуеті зор екенін анықтаңуға мүмкіндік береді.
Зерттеу әдістері зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне, тәжірибелік маңыздына сәйкес анықталады. Қойылған міндеттерді шешу үшін бақылау, талдау, бағалау, синтездеу, жобалау, эксперименттік зерттеу әдістері қолданылды.
Мақаланың негізгі ережелері мен қорытындылары білім алушылардың геоэкологиялық зерттеу құзіреттілігін қалыптастыру және функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жалпы білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу орындарында географияны оқыту үрдісіне STEAM-технологиясын енгізу барысында іс жүзінде пайдаланылуы мүмкін.
Авторлардың пікірінше, STEAM-технологиясын қолдану білім алушылардың сын тұрғысынан ойлаумен зияткерлік әлеуеттерін дамытуға ықпал етумен қатар ол болашақ кәсіби қызметте шығармашылық белсенділіккті арттыруға мүмкіндік береді. Өйткені ол ынтымақтастық, қарым-қатынас және ұжымдық өзара әрекеттесу дағдыларын қолдануды талап етеді.