ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ КҮЙЛЕРІНІҢ КҮЙІП ҚАЛУЛАРЫН ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮЗІНДЕ ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Асқарқызы Самал Қазақ Ұлттық өнер университеті
  • Жунусбекова Азиза Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_176

Кілт сөздер:

эмоционалды күйіп қалу, педагог, білім беру, дамыту, өзіндік рефлексия

Аңдатпа

Мақала жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің эмоционалды күйлерінің күйіп қалуларын эксперимент жүзінде зерттеуге арналған. Мақала авторлары эмоционалды күйіп кетудің алдын алу үшін жалпы білім беретін мектептердің педагогтерімен түзету-дамыту жұмысының бағдарламасын эксперимент жүзінде тексеруге негізделген зерттеу жүргізді.

Сонымен қатар, мақалада жалпы білім беретін мектептердегі педагогтердің кәсіби шаршау деңгейін зерттеу нәтижелері берілген. Сондай-ақ, мектеп педагогтері арасында күйіп қалу синдромының алдын алу жүйесін ұйымдастыру қажеттілігі негізделеді, өйткені статистика көрсеткендей, Қазақстан Республикасындағы педагогтердің көпшілігі әйелдер, сондықтан үйдегі жүктеме және отбасы мен балаларына деген уақыт тапшылығы кәсіби стресс факторларына қосылады делінген.

Жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің кәсіби шеберлігін шыңдау эмоционалды күйіп кетудің алдын алуға мүмкіндік береді, яғни оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын әзірлеу, кәсіби тренингтер мен курстарға қатысу, арнайы әдебиеттерді оқу және білім берудегі қазіргі тенденцияларды ұстану. Мақалада, ең алдымен, педагогтің жеке брендін дамыту оның үнемі өзіндік рефлексиясы, білім алушылар мен әріптестерінің кері байланысы, сондай-ақ кәсіби өсуге деген ұмтылысының арқасында эмоционалды күйзелісті жеңуге мүмкіндік беретіні атап өтілген.

Автор өмірбаяндары

  • Асқарқызы Самал, Қазақ Ұлттық өнер университеті

    PhD доктор, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы

  • Жунусбекова Азиза, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

    PhD доктор, бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-11-27

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар