ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ЛАРВАЛЬДЫ ЦЕСТОДОЗДАРДЫҢ ТАРАЛУЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Аубакиров Марат Жаксылыкович «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Ергазина Асель Михайловна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Домацкий Владимир Николаевич ЖБ ФМББМ Солтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университеті
  • Исабаев Азамат Жаксибекович «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_3

Кілт сөздер:

дегельминтизация, иттер, ларвальды цестодалар, празикавантел

Аңдатпа

Гельминтозды аурулар мал басы шоғырланған жеке аулалар мен шаруа қожалықтарында әсіресе ауылдық жерлердегі көп салалы шаруашылықтарда үлкен зиян келтіреді.Мақалада мал сою пункттерінде ауылшаруашылық жануарларының паренхиматозды мүшелерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Паразиттік аурулармен күрес мәселелері ерекше өзектілікке ие болып отыр, себебі Қостанай облысының Жданов жеке шаруашылық аумақтарында ларвальды цестодоздардың экологиялық ерекшеліктері мен таралуы зерттелді.

Иттердің гельминтоздары жануарларға ғана емес, адамдарға да үлкен қауіп төндіретіні белгілі. Бұл жайында әдеби деректерді ескере отырып, иттерді дегельминтизациялаудың құралдары мен әдістері, өлекселерді жою ережелерін сақтау, жануарларды сою тәртібі зерттелді. Әр түрлі тұқымсыз иттердің гельминтофауналарын зерттеу үшін нәжіс алынды. Зерттелген ит сынамаларында Қостанай ауданында инвазия экстенсивтілігі – 8,8 %-ды құрады, яғни 45 иттің ішінде төртеуі ларвальды және имагинальды цестодоздармен жұқтырылған болып шықты.

Бұл ретте Қостанай облысының аумағында 17 аудан мен 3 қаланың ветеринариялық - санитариялық қауіпсіздігін 98%-ға қамтамасыз ететін 35 ауыл шаруашылығы жануарларын сою пункті жұмыс істейтіні анықталды. Иттерді эхиноккокозға қарсы емдеу мақсатында республикалық бюджеттен жыл сайын "Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты" ЖШС базасында өндірілген "ЦесТремForte" цестодаларға қарсы препараттардың 45,0 мыңнан астам дозасы бөлінеді.

"ЦесТремForte " препаратының құрамында 1 таблеткасында 75 мг Празиквантел белсенді заты бар, ол иттер мен мысықтарда паразиттік таспа гельминттерінің дамуының барлық кезеңдеріне зиянды әсер етеді.

Автор өмірбаяндары

  • Аубакиров Марат Жаксылыкович, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    PhD, ветеринариялық медицина кафедрасының  меңгерушісі

  • Ергазина Асель Михайловна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    PhD докторы, ветеринариялық медицина кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а.

  • Домацкий Владимир Николаевич, ЖБ ФМББМ Солтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университеті

    биология ғылымдарының докторы, профессор

  • Исабаев Азамат Жаксибекович, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    ветеринария ғылымдарының кандидаты, ветеринариялық медицина кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-01-10

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар