ОРТА АЗИЯ МЕМЛЕТЕТТЕРІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫ БОЙЫНША САЯСИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕРІ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ШЕШІМДЕРІ

Авторлар

  • Курбаниязов Сакен Көптілеуұлы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Мамадияров Марат Дуйсенович Академик А.Қуатбеков атындағы Халықаралық достық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_2_126

Кілт сөздер:

Орта Азия, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Team Europe, саяси жағдай, интеграция, табиғи ресурстар, су мəселесі

Аңдатпа

Мақалада Орталық Азия (ОА) мемлекеттеріне аймақтағы ынтымақтастықтың көпжақты форматын тиімді жүргізуге кедергі келтіретін себептер зерттеледі. Климаттың өзгеруі мен су ресурстарының тапшылығының орасан зор əсеріннің салдарынан жасыл энергияға деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін төмен көміртекті энергияны өндіруге қол жетімділікті жақсарту нұсқалары жан-жақты зерттелді. Еуропа мен Орталық Азияның өзара байланысы туралы біздің зерттеуіміз бойынша ЕО-ның Орталық Азия стратегиясы аясында жүзеге асырып жатыр. Орталық Азияның бес елімен неғұрлым берік, кең жəне заманауи əріптестік құру бойынша белсенді жұмыс істеп жатқандығын анықтадық. Еуропалық Одақ 2014 жылдан 2020 жылға дейін аймаққа 1,1 млрд еуро еуропалық көмек көрсеткенін Орталық Азиядағы басты донор екені дəлелденді. Орталық Азия үшін 2021-2024 жылдар кезеңіне арналған гранттардың жалпы көлемі екіжақты жəне өңірлік бағдарламалар шеңберінде кемінде 390 млн. еуроны құрайтыны анықталды. Бұған ЕО Самарқандта ресми түрде іске қосқан Team Europe екі аймақтық бастама кірді: біреуі цифрлық байланысқа, екіншісі суға, энергияға жəне климатқа қатысты екені дəлелденді. Қарастырылған зерттеу жұмысындағы өткір мəселелер Орта Азия мемлекеттерінің арасындағы су ресурстарын бірлесіп тиімді басқару саласындағы барлық бағыттар үшін құнды ұсыныстар ретінде пайдалануға болады.

Автор өмірбаяндары

  • Курбаниязов Сакен Көптілеуұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    геология-минералогия ғылым. кандидаты, Экология және химия кафедрасының аға оқытушысы

  • Мамадияров Марат Дуйсенович, Академик А.Қуатбеков атындағы Халықаралық достық университеті

    геграфия ғылымдарының кандидаты, Маркетиг және кәсіптік бағдар беру бөлімнің бастығы аға оқытушы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-02-14

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары