БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНА ДАЯРЛАУ: МЕДИАҚҰЗЫРЕТТІЛІК

Авторлар

  • Абдиркенова Aкбидаш Капановна Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Сейітқазы Перизат Байтешевна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_111

Кілт сөздер:

масс-медиа, медиақұзыреттілік, цифрлық білім беру

Аңдатпа

Мақалада болашақ мұғалімдерді цифрлық білім беруге дайындаудағы медиақұзыреттілікті қалыптастыру ерекшеліктері қарастырылған. Авторлар медиа-құзіреттілікке анықтама береді, оны университет студенттері арасында қалыптастырудың педагогикалық принциптері мен әдістерін анықтайды. Сондай-ақ жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдердің медиақұзіреттілігін дамыту мәселелері қарастырылып, отандық медиабілім берудің дәстүрлі және инновациялық әдістері талқыланды.

Сондықтан, сандық білім қазіргі заманғы кәсіби маман даярлаудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған сандық түрде ұсынылған графикалық, мәтіндік, сандық, тілдік, музыкалық, бейне-фото және басқа да мәліметтен тұратын ақпарат көзі саналатынын, сондай-ақ сандық білім беру ресурстарына: мультимедиалық дыбысталған презентациялар, сандық форматқа айналдырылған мәтіндер және т.б жатқызуға болатынын зерттеп көрсетілді.

Зерттеу барысында сандық білім берудің талаптарына сай болашақта кәсіби қызмет атқаратын әрбір мұғалім медиақұралдардың бағыт-бағдары, ұстанатын қағидалары жайында негізгі түсініктерге ие бола отырып, оны өзінің медиақұзыреттілігін арттыруда басты құралға айналдыра алатыны айтылды.

Мақала мазмұны сандық білім беру жағдайында болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың ерекшеліктерін талдауға және олардың медиақұзыреттілін қалыптастыру мүмкіндіктерін айқындауға арналады. Болашақ мұғалімдердің медиақұзыреттілігін қалыптастыру бағытында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері ұсынылады.

Автор өмірбаяндары

  • Абдиркенова Aкбидаш Капановна, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, м.а., PhD докторы

  • Сейітқазы Перизат Байтешевна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-11-27

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар