РЕФЛЕКСИВТІ САНАНЫҢ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ

Авторлар

  • Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті КЕАҚ
  • Карманова Жанат Алпысқызы Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті КЕАҚ
  • Шкутина Лариса Арнольдовна Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті КЕАҚ
  • Демисенова Шнар Сапарқызы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_184

Кілт сөздер:

адамгершілік, адамгершілік мәдениет, рефлексивті сана, рефлексия, өзіндік сана

Аңдатпа

Бұл мақала "рефлексия" "рефлексивті сана", "өзіндік сана" мен " адамгершілік", "адамгершілік мәдениет" ұғымын талдауға бағытталған. Осы терминдердің қалыптасу мәселелерін қарастыра­тын ғылыми және педагогикалық еңбектерге талдау жасалады. Мектеп жасына дейінгі балаларда рефлексияның қалыптасуы және дамуы туралы ақпарат беріледі. Авторлар ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, рефлексия ең маңызды психологиялық жаңа білім ретінде баланың жеке бас дамуында алатын орнын сипаттайды. Өзін-өзі тануға деген ерекше қабілетілігінің дамуы ерте жастан басталады яғни, ол осы рефлексияның мектепке дейінгі жастағы балаларда қалыптасты­ру механизміне байланысты екені айтылады. Рефлексия адамның ішкі құрылымына бағытталған процесс ретінде оның өз әрекеттерін түсінуге, бағалауға, қайта бағалауға, өзгертуге көмекте­седі. Баланың адамгершілік мәдениеті адамгершілік тәрбиенің діңгегіне орай қалыптасып, оның мәдениеті болуының негізі бола алады. Рефлексивті сана – өзінің ішкі әлемін түсіну және өзіндік жай-күйін сезіну болып табылады. Сондай-ақ баланың бойында адамгершілік мәдениет белгілерін қалыптастырудың бір жолы ретінде адамгершілік рефлексия компоненттерін ашып көрсетеді. Мақалада тақырыптың өзектілігі рефлексивті сананың мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік мәдениетінің дамуына ықпалы теориялық – практикалық тұрғыдан талданады.

Автор өмірбаяндары

  • Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті КЕАҚ

    педагогика ғылымдарының кандидаты, мектепке дейінгі және психологиялық – педагогикалық даярлық кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Карманова Жанат Алпысқызы, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті КЕАҚ

    педагогика ғылымдарының докторы, доцент, мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасының профессоры

  • Шкутина Лариса Арнольдовна, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті КЕАҚ

    педагогика ғылымдарының докторы, профессор, мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасының профессоры

  • Демисенова Шнар Сапарқызы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті КЕАҚ

    педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-01-29

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар